Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 05, 2010
Аймақтар а... Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Аймақтар айнасы

Елбасының құттықтауына ел қуанды

Арқа төсіндегі Қазақстан Магниткасы-ның дүниеге келгеніне 50 жыл толды. Қа-рағанды металлургия зауыты мыңдаған адамдардың арқасында бой көтерді. 1960 жылдың 3 шілдесі күні №1 домна пе-шінен тұңғыш рет Қазақстан шойыны алынды. Сондықтан, осы күн бүгінгі аса ірі металлургия өндірісінің туған күні болып есептеледі. Тұңғыш шойын алу еңбек вах-тасында қазіргі егемен еліміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бар болатын. Ол өзі сияқты жүздеген қазақ жігіттерімен бірге металлургия саласына қажет мамандықты игерген алғашқы жастардың бірі еді. Жалын атқан, жігерлі шағында Днепродзержинск қаласындағы №8 техникалық училищені үздік бітіріп, домна пешінің горновойы мамандығын алған. Сондықтан да Қазақстан Магниткасында тұңғыш шойын алынған күннің жарты ғасырлық мерейтойына Ел-басы арнайы іссапармен келді.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

1 шілде күні түстен кейін Елбасы Н.Назарбаев Қарағандыға ұшып келді. «Сарыарқа» әуе жайында мәртебелі қо-нақтарды облыс әкімі С.Ахметов қарсы алды. Қонақтардың қатарында еліміздің Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС дирек-торлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким мен Беларусь Республикасының Қазақ-стандағы төтенше және өкілетті елшісі Валерий Брилев те бар. Соңғы екі тұлғаны атап отырғанымыз – Қарағанды жерінде еліміздің индустриаландыру жос-парына сәйкес тағы бір ірі жобаны іске асыруға тікелей қатысты: «Қазақмыс» корпорациясы» Қарағанды құю-машина жасау зауытында белорустың атақты БелАЗ автомашиналарын шығару өндірісі қолға алынбақ.

«Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорынды өз өнімдерін шығаруға бейімдеп алды. Мұн-да Жезқазғанның жер асты шахталарында қолданылатын өздігінен жүретін техника шығарып, жөнделетін болды.

Құю-машина жасау зауытының алдында кәсіпорынның бас инженері Сергей Тран-ковский журналистерге:

— Биыл біздің зауыттың базасында Қазақ-беларусь бірлескен кәсіпорны құрылды. Мына тұрған алып БелАЗ енді бізде шығарылатын болады. Өндірісті игеру үш кезеңнен тұрады. Әуелі қосалқы бөлшектерді шығарып, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Кейін 2015 жылға қарай осында БелАЗ-ды өзіміз толық құрастыратын боламыз. Қазір цехта дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Мұнда 100-ден астам адам жұмыс істейтін болады. Өз мамандарымызды Минскі мен Могилевке (Беларусь Республикасы) оқып-үйренуге жіберіп жатырмыз. Қазірдің өзін-де аса қажетті мамандыққа алты адам оқып келді. Осында белорус мамандары да бар. Ендігі уақытта «ҚазБелАЗ» маркасымен алып автомобиль шығаратын боламыз. Алла жазса, 2015 жылға қарай 45 тонналық 10 машина, 90 тонналық 5 машина кон-вейерден шығатын болады. БелАЗ-дардың құны 40 пайызға дейін төмендемек және алып машина Қазақстанның ғана емес, ТМД-нің басқа елдеріндегі карьерлерде пайдаланылмақ, — деді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы №1 цехта болып, зауыт басшылары баян-даған ақпараттық стендпен танысты, атал-мыш кәсіпорын шығаратын өнімдерді көрді. Содан кейін зауыт ауласында жиналғандар алдында Елбасы:

— Мен мұндай зауытқа және адамдарға жұмыс, жалақы беретін бүкіл Қазақстан бойынша жаңа кәсіпорындарға үлкен қуа-нышпен келемін. Адамдарға жақсылық әкелу — бұл менің жұмысымның басты мақсаты. Қазақстанды индустриаландыру дегеніміз — зауыттар салып, қазақстандықтарға 50 мың жаңа, сапалы, жалақысы жақсы жұмыс орнын беру. Былтыр мен Беларуське, Минскіге барғанда, оларға былай деп айттым: «Біз сіздерден БелАЗ-дарды, ауыл үшін МТЗ тракторларын сатып аламыз, егер осында, Қазақстанда жинап, жөндемесеңіздер сатып алмаймыз», — дедім. Өйткені, мен білемін, енді біз осы алып машинаның 70 пайызын Қазақстанда құрастырсақ, адамдарымызға жұмыс тауып береміз. Металл біздікі, резина біздікі, басқа да заттар бізден. Яғни, Қазақстанда жаңа өндіріс құрылады, ол мынадай ауыр салмақты машиналарды жөндеп, құрастырады. Сондықтан мен осы зауытқа зор ынтамен келіп, жұмысшыларымыздың қуанышын бөлістім, — деді.

Ұжым мүшелері Елбасына зор құрмет көрсетіп, ілтипатпен шығарып салды.

Ертеңіне Елбасы Назарбаев бастаған делегация Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған шараларға қа-тысу үшін ат басын Теміртауға бұрды. Әдеттегідей №4 домна пеші алдына халық лық толған. Елбасын қала әкімі Н.Сұлтанов, «МитталСтил Теміртау» ААҚ иесі Лакшми Миттал мырза, басқа да ресми адамдар, цех басшылары қарсы алды.

Мұнан кейін мемлекет басшысының қатысуымен металлургтердің мәдениет сарайында Қазақстан Магниткасының мерейтойына арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиналғандар алдында Елбасы Нұсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

— Баршаңызды Қазақстан Маг-ниткасының 50 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл тарихи мәні зор оқиға бүгінгідей көз алдымда. Бұдан жарты ғасыр бұрын елімізде бұрын-соңды болмаған өнеркәсіп алыбы өмірге келді. Сарыарқа төсіндегі сол тұстағы шағын Теміртау қаласы қайнаған өндіріс ошағына айнал-ды. Осында тұңғыш шойын қорытпасы алынды.

Қазақстан Магниткасы — еңбектің еңселі ескерткіші. Көзінде от ойнаған, жүрегінде жалын маздаған жастар алғашқы домна пешін екі жылда іске қосты. Қарапайым еңбек адамдарының бұл ерлігі мәңгіге ұмытылмайды.

Қазақстан Магниткасы — халық бірлігі мен жасампаздығының жарқын үлгісі. Мұ-ның бәрі — біздің металлургтердің және «АрселорМиттал Теміртау» Компаниясы басшылығының жемісті жұмысының нә-тижесі.

Біз дағдарыс салдарын дабырмен емес, са-бырмен еңсердік. Менің тапсырмам бойын-ша, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етілді. Қазір дағдарыстан да-муға бет түзедік. Еліміз экономикалық өрлеудің жаңа белесіне аяқ басты. Менің тапсырмам бойынша 2020 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму страте-гиясы қолға алынды. «Бизнестің жол кар-тасы — 2020» бағдарламасы жасалып, жү-зеге асырыла бастады. Бұл бағдарламада металлургия саласы басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған.

... Биылдың өзінде комбинатты дамытуға тағы да 400 миллион доллар салынатын болады. Мұның өзі «АрселорМиттал Темір-тауды» дамыту және жаңарту жөніндегі үлкен жобаны жүзеге асырудың басы ғана. Бір сөзбен айтқанда, комбинат бұрынғыдай елдегі қара металлургияның көшбасшысы болып қала береді. Біздің даңқты кәсіпорын Қазақстанның 2020 жылға дейінгі же-дел индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына өзінің лайықты үлесін қосады деп сенемін. ... Біз ұлттық және трансұлттық компаниялардың мемлекет-тік сатып алуларында «қазақстандық үлесті» арттыруға қол жеткіздік. Мұның өзі отандық тауар өндірушілер үшін нақты қолдау болды. Ал «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру халықты жұмыспен қамтуды сақтауға көмектесті. «Картаның» арқасында жергілікті жолдар, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары жөнделді.

Сонымен бірге, біз халықтың өмір сү-ру деңгейін арттыру жөніндегі барлық міндеттемелерімізді орындадық. Басқа ел-дерде жалақы мен әлеуметтік төлемдерді қысқартып жатқанда біз зейнетақыны, бюджеттік қызметкерлердің жалақысын, шәкіртақыны, әлеуметтік жәрдемдердің мөлшерін арттырдық. Еліміздің эконо-микада, әлеуметтік салада, қоғамда, бей-бітшілік пен келісімді сақтауда қол жеткен жетістіктері халықаралық аренада кеңінен қолдау тапты. Қазақстанның ЕҚЫҰ сияқ-ты беделді ұйымның төрағасы болуы кездейсоқ емес.

... «Бизнестің жол картасы — 2020» бағ-дарламасының басқа бір басым бағыты кен өндіру және металлургия саласындағы техникалық қызмет, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызмет, сондай-ақ, басқа да халыққа қызмет көрсету түрлері болады. 2010 жылы бағдарламаны жүзе-ге асыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржы өндіріс экспортына бағдарланған жаңа бизнестік ынтаны қолдауға жұмсалады.

...Нұрсұлтан Әбішұлы жиналғандарды Қазақстан Магниткасының 50 жылдығымен және алдағы Теміртау қаласының 65 жыл-дығымен шын жүректен құттықтады. Содан кейін қаланың мерейтойы құрметіне металлургия комбинаты мен Теміртау қаласын дамытуға үлкен үлес қосқан еңбек ардагерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөнінде жарлыққа қол қойғанын жеткізді.

Өзінің болат балқытушы еңбек жолын со-нау соғыстан кейінгі кезеңде қазақтың тұң-ғыш қара металл зауытында бастап, алпыс жылдай құрыш құйған еңбек ардагері Арғын Жүнісовке жиналғандардың зор қошеметі үстінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп, Алтын Жұлдыз тапсырды. Сондай-ақ, жоғары наградаларға — «Отан» орденіне домна цехының аға өндірістік шебері Виктор Деркач, ІІ дәрежелі Барыс орденіне комбинаттың бұрынғы директоры қазір РФ қаржы-өнеркәсіп тобының президенті Олег Сосковец және металл кесуші Виктор Ткаченко, ІІІ дәрежелі Барыс орденіне ме-таллургия жабдықтарын жөндеу цехының бастығы Жанас Арысов, ІІ дәрежелі Достық орденіне «АрселорМиттал» компаниясы-ның иегері Лакшми Миттал ие болды. «Құрмет» орденімен еңбек ардагері, байырғы горновой Төлеген Адам-Юсупов, сумен жабдықтау цехының бастығы Андрей Бегенеев, қалалық ардагерлер ұйымының төрайымы Нина Вахитова жә-не қала әкімі, бұрынғы домна цехының бастығы Нүркен Сұлтанов марапатталды. Сондай-ақ, еңбек ардагерлері, бұрынғы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің басқару-шысы, облыстық партия комитетінің бі-рінші хатшысы болып істеген Александр Коркин, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Николай Давыдов және Қармет комбинаттың 1970-80 жылдардағы бас директоры Махмуд Ақбиевтер де Отанның жоғары наградаларына ие болды.

Салтанатты жиыннан кейін оған қа-тысушыларға арналып мерекелік концерт қойылды. Қазақстан операсының жұлдыз-дары, жерлестеріміз Жәмила Баспақова, Жан Тапин, Талғат Мұсабаев, сондай-ақ Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлес-тіктің артистері, өзге де өнерпаздар әннен шашу шашты.

Мемлекет басшысы Қазақстан Маг-ниткасының 50 жылдығы құрметіне құ-рылысы аяқталған қалалық мешіт пен Әулие Николськ православие шіркеуінде болды. Елбасы одан кейін «Неке сарайы» салтанат үйінде болды. Оның да ашылуы Магнитканың мерейтойына орайластырылған болатын. Дәл осы күні мұнда алғашқы неке қию рәсімі өткізіліп, Елбасы жас жұбайларды құттықтап, баянды бақыт пен шаңырақтарына шаттық, құт-береке тіледі.

Осымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қарағанды об-лысында жасаған жұмыс сапары аяқталды.

12.07.2010

Жұлдыз Тойбек

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Білім күні қыр астында, ойбай, мектебіміз қайда?
Алматы облысында таңғажайып Тіл сарайы, спорт кешені, Достық үйі, Қызылағаш ауылы бой көтерді
Шәмші фестивалінде жырдан шашу шашылды
Абайға арналған әдеби-сазды кеш
Ақ алтынның орнына ақ маржан өсіруге көшті
Мәдениет ошақтары көбейіп келeді

 Diğer Başlıklar
Көкпeкті көркeйіп кeлeді
Пара алушы соттала ма, әлде беруші соттала ма?
Жалпыға жаққан жәрмеңке күзге дейін жалғасады
Облыс әкімінің қолдауымен жетімдерді жұмысқа орналастырды
Семейліктер неге артта қалды?
“Кентау қырандарынан” үлгі ал!
Балаларға сый-сияпат
Өндірістік жобалар іске аспақ
Қосқақ көлінің балшығын тәжірибеге енгізгеніме қуанамын
Оқулықтар сатып алу үшін 2438050 теңге бөлінген

Ең көп оқылытын хабарлар

Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Бушер АЭС-і іске қосылды
Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Көкпeкті көркeйіп кeлeді