Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 05, 2010
Қамшыбасар Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Қамшыбасар

Бізге ақыл-ой орталығы керек

Өнертабыс өнер, әдеби-ғылыми фантастика секілді үш түрлі дүние біреулерге үш түрлі ұғым болғанымен, мен үшін осы үшеуі бір-ақ ұғымға сияды. Бүгінгі таңда кинотелевидение, театр, цирк, музыка, авиация, космонавтика, шаруашылық техника, күнделікті құрылыс заттары, спорт секілді дүниелерге арналған 80-нен аса үлкенді-кішілі өнертабыстық жобаларым тeория жүзінде дайын тұр. Тек тәжірибе жасап, іске асыру керек. Алайда, қисық шеге шығармайтын біздің елде мұны іске асыру өте қиын, азап пен сор екеніне көзім әбден жетті. Мүмкін, біздің ұлттан ештеңе шықпауы керек шығар?! Осындай бағдарлама іс жүзіне асып тұрғаны ақиқат. Өйткені біздің талай талантты өнертапқыш ғалымдарымыз соның құрбаны болып кеткенінен хабардармын. Қысқасы, ақыл-ой біздің елге, біздің билікке керек емес сияқты. Осыған көзім жетіп, өз Отанымнан еш қолдау көрмейтінімді жақсы түсінген соң, шетелдермен байланыс жасап көруді мақсат етіп жүрмін. Әйтпесе, менің арманым — ақыл-ой орталығын құру.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Философ Фрэнсис Бэконның бір шығар-масында аралдағы Бенсалем мемлекетінің ақыл-ой орталығында Соломон үйіндегі технократтардың өмірдің бар саласын өзгер-тетін тәсілдері суреттелген екен. Әрине, көңілге қонымды. Біздегі бір табиғи нұсқа — атам қазақ кеңпейілдігімен жалған дүниенің шылбырына жармаспай, қу һәм сұм, зиянкес дұшпандарын да бауыр тұтып, таспен атқанды аспен атқан. Қазақ халқының Құдайшылығы Пайғамбарға (с.ғ.с.) тән көркем мінезді, ұлы Алладан келіп жатқан ақыл-ойдың іске асуы және қазақ жері соның орталығы деуге әбден болады. Алайда, «адамның жауы — адам» деп сарнайтын нарықтық заманда көп нәрсе көңілге дақ түсіріп, кейде мүминдік мінезден, салиқалы сабырдан әп-сәтте айыратыны өтірік емес. Осыған орай, меніңше, бізге «Дұға мұнарасы» керек секілді. Жер шарының барлық аймақтарына, тіпті елсіз далаға да. Мұсылман жамағаттары үшін азан, бес уақыт намаз, дұға аяттары алыс қашықтықтан естіліп, зор үн шығарып тұрса, нұр үстіне нұр емес пе? Ол үшін күн батареясымен жабдықталған, ұялы жүйедегі электронды, радиотолқынды дұға мұнараларын орнату керек. Әрине, мешіттер мен шіркеулер, храмдар тұрғанда қайдағы-жайдағы мұнараларды қу далаға, қалаға, сай-салаға самсатып зарлатып қою нағыз ақымақтың ісі дейтін қарсы пікірлер де айтылып қалуы әбден мүмкін. Мысалға, әлгі мұнаралардан шартарапқа жетіп жатқан ұлы Алланың дұға, аяттарының әуені көзге көрінбейтін қуат болып таралып, бар тіршілікке үндестік шуақ беріп, мамыражай жүйеге түсіріп, әсер етер еді. Себебі бүкіл әлем ұлы Алланың аяттарынан құралған. «Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша толық иманға келмейсіңдер», — деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) асыл сөзі бар. Менікі — осылай етсек, ойлау мен көруден қалған пенделерге тұтылған перде ашылар ма еді деген үміт. Ұлы Алланың бүкіл жаратылысын сүйіп, мойындап, ақырет таразысында бар дүние куәлікке жүгінгенде баршамыз бір-бірімізге деген жақсы амалдарымыздың нәтижесін көргеніміз абзал болар еді.

Ештеңе тегіннен-тегін жаралған жоқ. Ұлы иеміз Аллаһ құл пенделері үшін өмір дүние әлемін әр жүйеге түсіріп, қолдарына беріп қойған. Соның бірегейі әрі көркемі «Өнер» деген бір тармақ. Оған да иман-самалының лебі жетер ме еді деген ой-сауал бар. Жер кепеге айналған өнер ауылына да бір өзгеріс керек-ау. Осы сөзді сол өнерді жасап біте қайнасып жүрген ағайын да дабыра ғып айтып жүр. Ол өзгеріс қандай болуы керек, көп жерде түсініксіздеу. Сөз мәндеріне қарасақ, ол кісілер әлдеқайдан келетін бір жаңалықты күтіп жүрген көрінеді. Оны қайсысы бұрын іздеп, тауып алып келеді, әзірге беймәлім. Әйтеуір бар үміттері көкжиек жақ. Соған қарап көздері талып таң қалдырар алтын айдарлы бір нәрестенің дүниеге шыр етіп келерін үздігіп тосып жүрген көрінеді. Ол өмірге келсе, «Өнердің» үстіне бозторғай жұмыртқалатар едік. Енді, міне, біреудің қаңсығын таңсық қылып жүрісіміз мынау. «Не болдық? Қайда барамыз?» — деп, Абызша күңіреніп, ештеңенің жауабы мен мәнісін таппай дал. Адамзат жарық қуып нұрланып, кеңістікке өтіп, көп нәрсені меңгеріп жатса да, уақыт өте сол істерінің кейбірі кемдеу болып, жетімсіздеу тұстары білініп жатады. Сол кемшілікті екінші біреу толтырып дамытып, өзгертіп отыру — заңды құбылыс. Өкінішке қарай, сол құбылыс та бізде көп себептермен тұйықталып тұр.

Квантты электрониканы жасаушылардың бірі физик Фримен Дайсон өткен ғасырдың алпысыншы жылдары жер шарын әр-түрлі метeориттік жауындардан, жер агрес-сорларының зиянкестігінен қорғайтын «Ға-рыштың қорғаныс қалқанын» жасау жөнінде ультрофантастикалық идея ұсыныпты. Оның бұл қылығын ғалымдар тосын қабылдап, есуастың ісіне балап «Дайсонның сферасы» деген әжуа балама тағып күлген екен. Арада жиырма жыл өткен соң әлгі күлегештер өздері СОП (Стратегическая Оборонная Инициатива) жобасын жасауға мәжбүр болыпты. Осыған ұқсас өнердегі ағайындар да өздері күтіп жүрген өзгеріс аяқ асты келе қалса, оны да қабылдаулары қиын болары айдан-анық. Егер ол шетелде туып, сонда дамыса, басқа көзбен қарап, бас шұлғып, соның көшірмесін жасап әуреге түсері де ақиқат. «Айта-айта Айстанға да келіп қалдық» демекші, ұзын сөздің қысқасы, бізге де Соломонның үйі секілді ұлттық ақыл-ой орталығы өте керек-ақ. Өркениетті елдердегі іс-тәжірибеден сабақ алып, көреген философ, ақын-жазушыларды, ғалымдарды, фантаст-технократтарды, өнертапқыштарды бір ша-ңыраққа жинап, қоғам құрсақ, өркениетті елдермен тереземіз шын теңелер еді.

12.07.2010

Бақытбек Сабыржанов

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Қытай үшін қазақ тілі — «өлі» тіл!
Кімнің арбасында отырсаң, соның әнін айт
Аулаңа жұмақ орнату өз қолыңда, отағасы!
Сасыған су ішкен ауыл

 Diğer Başlıklar
Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Таза суы, газы, клубы жоқ ауыл қайтіп күн көрер, Сағындықов мырза!
Табиғат-анаңды қорлағаның — апатты шақырғаның
Кімнің арбасында отырсаң, соның әнін айт
Қытай үшін қазақ тілі — «өлі» тіл!
Сасыған су ішкен ауыл
Аулаңа жұмақ орнату өз қолыңда, отағасы!
Ең болмаса Рамазан айында нәпсіңді тый, арақты қой, ей, қазағым!
Ағатайлар, Шректі, Нарутоны, Аватарды көкірегіне тоқыған бала болашақ тіліңді менсінбес!

Ең көп оқылытын хабарлар

Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Бушер АЭС-і іске қосылды
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Аяусыз ханталапайға түскен орманымыз қазір қандай күйде?