Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Қамшыбасар Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Қамшыбасар

Қазақ сөзін дұрыс қолданып жүрміз бе?

Нет стыда признаться человеку в своей ошибке. Екатерина ІІ, Ресей императоры.Қазақ екенін айтып, көкірегін соға-тындар көп, ол жақсы, бірақ «қазақ» сөзінің мәні мен мағынасын жақсы білетін адамдар аз. Сөздік қоры аздық жай адамдар арасында онша байқала қоймайды. Олар күнделікті тіршілікке байланысты, өз ортасында сөйлеп жүргеннен кейін, сөздік қоры аздығын өздері де, қасындағылары да байқай қоймайды.Ал қазақ сөзін қару етіп қалап алған журналистер мен жазушылар үшін сөздік қорын байыту олардың өмірлік ұстанымы, бұлжымас мұраты болу керек. Соңғы жылдары атына заты сай болмаса да университеттердің ашылуы көбейіп кетті. Олардың оқу ғимараттары қазіргі талаптарға лайық па, жоқ па, оқытушылардың білімі сай ма, сай емес пе, оған қарап жатқан ешкім жоқ. Рас, бір кезде Сарыағашта пәлен университет бар екен деп шулаған кез болды. Біразын жапты да. Бірақ, күні кеше ғана институт болып тұрған оқу орындары аяқ астынан университет болып шыға келді, жаңадан университеттер ашылды.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Осы қаптаған университеттердің көбісінде журналистер даярлайтын факультеттер жұмыс істей бастады. Олар даярлаған мамандардың сапасы қай дәрежеде екенін елеп, ескеріп, тексеріп жатқан ешкім жоқ. Бұрын орталық газеттер облыстық, аудандық газеттерде көтеріліп жатқан мәселелер мен олардың тілді қалай пайдаланатыны жөнінде шолулар беріп, бағыт-бағдар сілтеуші еді. Қазір «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» дейтін заман туды ма, білмеймін, әйтеуір бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің білгенін жасап жатыр.

«Қазақстан–ZAMAN» газетінде «Ұлт-тық киімді ұлықтайық» дейтін мақала жарияланды. Адамды ұлықтағанды білетін едік, киімді ұлықтағанды кім көріпті? Сол сияқты, биылғы 22 сәуірде осы газетте «Балалардың бойларына қазақтың салт-дәстүрін сіңіреміз» деген мақала жарияланды. Адам бойына ішкен-жегені сіңеді, ал салт-дәстүр бойға емес, санаға сіңу керек.

«Президент және Халық» газеті 2009 жылғы 22 мамыр күнгі санында «Киевте Жамбыл атамызға көше аты берілді» деген мақала жарияланды. Бір қарағанда еш қатесі жоқ сияқты. Ал ойланып көрелікші, Жамбыл атамызға көше аты берілді ме, әлде көшеге Жамбыл атамыздың аты қойылды ма? Ойланып жазар болсақ, бұл мақаланың тақырыбы былай болуға тиісті ғой: «Киевте бір көшеге Жамбыл атамыздың аты қойылды».

Осы газеттің 2010 жылғы 9 сәуір күнгі санында «Отанасы – отбасы ұйытқысы» деген материал жарияланды. Маған осы тақырып сәтті шықпаған сияқты. Неге? Өйткені, қазақ отағасы деп еркекті айтқан, бірақ отанасы деп әйелді ешқашан айтпаған ғой. Қазақта Жер-ана, От-ана деген ұғым бар да, отанасы деп осы кезге дейін айтылмаған.

Қазақстан Республикасы Ішкі іс-тер министрлігінің апталық газеті «Сақшы» биылғы 21 қаңтарда «Беліне бес келі героин артқан жолаушы» деген тақырыппен материал жариялады. Адам беліне артпайды, беліне байлайды, бұл — бір, ал героин дейтін шетел сөзінің қазақ тілінде баламасы бар емес пе?

Тілдің тағдыры елдің тағдырына тікелей байланысты. Ел күшті болса, тіл де күшті. Үстем елдің әлсіз елді жаулағаны сияқты, үстем елдің тілі де әлсіз елдің тілін жаулап алады. Жауланған тіл ауланған балық сияқты, ал ауланған балықты сол мезетінде тезірек суға жібермесең өліп қалатынындай, бодандықтан босап, бостандық алған елдің тілін де ұзаққа созбай, неғұрлым тезірек қолдану аясын кеңітіп, елдегі барлық адамның сол тілде сөйлесуіне қол жеткізбей болмайды. Бұл — қоғамдық негізде атқарылатын іс емес, мемлекеттік жоспарлы бағдарлама негізінде жүзеге асатын басты шаруа. Елдің барлық азаматы бір тілде сөйлемей, бірлік нығаяды деген бос сөз. Бір ел бір тілді болу керек. Сонда ғана бірлік те, береке де, мереке де болады.

12.07.2010

Базарбай Исаев

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Қытай үшін қазақ тілі — «өлі» тіл!
Кімнің арбасында отырсаң, соның әнін айт
Аулаңа жұмақ орнату өз қолыңда, отағасы!
Сасыған су ішкен ауыл

 Diğer Başlıklar
Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Таза суы, газы, клубы жоқ ауыл қайтіп күн көрер, Сағындықов мырза!
Табиғат-анаңды қорлағаның — апатты шақырғаның
Кімнің арбасында отырсаң, соның әнін айт
Қытай үшін қазақ тілі — «өлі» тіл!
Сасыған су ішкен ауыл
Аулаңа жұмақ орнату өз қолыңда, отағасы!
Ең болмаса Рамазан айында нәпсіңді тый, арақты қой, ей, қазағым!
Ағатайлар, Шректі, Нарутоны, Аватарды көкірегіне тоқыған бала болашақ тіліңді менсінбес!

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды