Ал, жуықта әлемдік қор биржаларында өткен саудада алтын фьючерісінің бір унциясының бағасы 1160 долларды құрап, аталмыш металл бағасы жыл басынан бері 200 долларға өсті. «Кедей бай болсам, бай Құдай болсам»деуді армандайтын қазіргі нарық заманына сай келген дағдарыс кезеңінде алтын бағасының өсуі иә арзандауы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді, енді соған келсек.
Әлемдік қор биржаларында баға конь-юктурасын айқындайтын қорлардың қо-жайындары алтынды қымбат бағаға сатуды одан әрі жалғастырып отыр. Содан да болар, қазіргі уақытта құнды металдардың өтімділігі жоғары деңгейден түскен жоқ. Бірақ, сарапшылар болжамдаған баға мен әлемдік қор биржаларындағы баға бір-бірімен сәйкеспей, бұл процесс бір-біріне мүлде қарама-қайшы бағытта жүріп жатыр. Мұның себебіне үңілсек, мынадай жәйттерге куә боламыз.
Біріншіден, бүгінгі күні доллар құны, шамамен, 45 пайызға дейін құлдырап кетті, бұл — шынайы өмір ақиқаты. Оның халі, тіпті, биылғы жылдың бастапқы кезіндегі жағдайынан да әлсіреп кетті. Оған Токио қор биржасындағы сатылымда доллар бағасының иенге шаққандағы бағамының 20 пайызға дейін құнсызданып кеткендігін мысалға келтіруге болар еді. Доллар бағамы евро, юань, рубль, теңгеге шаққанда да дәл осындай мөлшерге құлдырады. Бұдан: «Алтын бағасының өсуі, ең алдымен, доллардың құнсыздануына тікелей байланысты»,— деген қорытынды шығаруға болады.
Екіншіден, әлемдік қор биржаларындағы саудаға шығарылған компаниялардың басым көпшілігінің құнды қағаздары өз бағасын түсіруін әлі күнге дейін жал-ғастыруда. Бірақ, Оңтүстік-Шығыс Азия қор биржаларындағы индекс-индекаторлар өсіп барады. Бұл дағдарыстан шығу АҚШ бастаған Еуроодақ елдері аумағында емес, аспан асты елі бастаған Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде іске асуы мүмкін процесс екендігін көрсетеді.
Үшіншіден, долларға сенімсіздігі кү-шейген Қытай, Жапония, Араб елдері өздерінің сақтық қорларындағы мол қазыналарының долларға шаққандағы үлес салмағын азайтып, оның орнын қашан болса да күдікке бой алдыруға жол бермейтін алтынмен толтыруға көшті. Тіпті, қайсыбір мемлекеттердің қазынасындағы доллардың үлесі 35 пайызға дейін төмен түсіп кетті. Бұл — дәл қазіргі таңда айналымда алтыннан гөрі доллар массасының айтарлықтай көп екендігін көрсетеді. Осы айтылғандардың бәрін жинақтай келіп, «2010 жылы әлемдік дағдарыс рецессиясы тежелсе де, одан шығу өте ұзаққа созылады» деген тұжырым жасауға болатын тәрізді. Ал, осы әлемдік қор биржаларында қалыптасқан жағдай біздің елімізге қалай әсер етуі мүмкін, енді соған тоқталсақ.
2009 жылды ІЖӨ бойынша айтарлықтай өсіммен аяқтаған Қазақстан әлемдік қор биржаларындағы факторларға қарамастан, өз дамуын әрі қарай жалғастыра береді деуге толық негіз бар. Мұндай пікірге отандық ғалымдар ғана емес, әлемдік таны-мал сарапшы институттардың өкілдері де ден қойып отыр. Содан да болар, біздегі заңмен бекітілген республикалық бюджет жоспарында елдің экономикалық өсімі 3,5 пайыз мөлшерінде болады деп алынса, дүниежүзі валюта қорының сарапшылары бұл көрсеткіш 4-5 пайыз деңгейінде болады деген болжам айтады. Әлемдік рыноктағы еліміз экспортқа шығаратын стратегиялық маңызы зор мұнай мен газ және бағалы металдардың бағасы әрі қарай да өсе түсетін болса, аталған көрсеткіш, тіпті, 5-7 пайызға дейін жетіп қалуы да ғажап емес. Бізде оған қол жеткізерліктей мүмкіндіктер баршылық. Мәселен, 2010-2020 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша биылдың өзінде ғана елімізде 100-ге тарта нысан іске қосылуы тиіс. Бұлар шикізат емес, дайын және құны жоғары тауарлы өнім беретін нысандар болмақ. Бұл — бір. Екіншіден, жоғарыда айтып өткеніміздей, әлемдік рыноктағы еліміздің табиғи байлықтары — түсті, қара және құнды металдардың, көмірсутегі өнімдері бағасының қымбат-тауы — ел экономикасының қарқынды дамуына игі ықпал ететін тиімді фактор. Ал, ел экономикасы әл-қуатының ар-туы мемлекет құзырына қарайтын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жақсы әсер етері сөзсіз. Аталған стратегиялық маңызы зор бағдарлама аясында жалақысы мол жұмыс орындары ашылса, елдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеп, оның халықтың әл-ауқатын көтеруге айтарлықтай ықпал етері және рас. Десе де, Ұлттық банк қазір құнсызданып жатқан доллардан бойын ала қашып, оның есесіне алтынды көптеп сатып алумен қатты әуестенбегені жөн болар еді дегіміз келеді. Өйткені, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қанша бағалы болса да, түсті, қара және бағалы металдардың бағасы әрі кетсе бір-екі жыл бойы ғана шарықтап тұрып, содан кейін бірте-бірте өз-өзінен төмен түсетіні белгілі. Ал, доллардың бағасы болса, жоғарыда Бен Бернанке айтқандай, мәңгі төмендемейді. Қажет болып жатса, АҚШ-тың федералдық қаржы жүйесі оның құнын бір-ақ сәтте өсіріп, жалпақ жұртты іске асырылған фактінің алдына қоя алады. Доллар бағасын өсіру қажеттілігі алдағы бір-екі жыл ішінде туындап қалуы мүмкін. Тіпті, АҚШ-тың әлгі федералдық қаржы жүйесі сол уақытқа дейін сарсылып күтпестен-ақ, оның бағасын қазіргі күннен бастап там-тұмдап өсіре бастауы ғажап емес. Мұндай жағдайда, өзі тірнектеп жиған бар байлық көзін ақша эквивалентімен бағамдайтын әрбір адам оны елдің төл валютасымен жинауы керек-ақ. Өйткені, елін, туған жері мен Отанын жан-тәнімен сүйген патриот жан үшін оларға деген сүйіспеншілігін шынайы түрде көрсетудің жалғыз дұрыс жолы, міне, осы. Ендеше, ең сенімді, ешқашан жарға жықпайтын ұлттық валюта — теңге қазақстандықтардың ұлттық бренді болуы тиіс. Бәрі ақшамен есептелетін қазіргі заман ақиқаты соған көз жеткізеді.