Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Саясат Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Саясат

Өндірістік экспансия — экологияға қауіп!

Қазіргі «қара алтыннан» қыруар мол пайда табуды көздеген әлемнің әртүрлі калибрлі Ұлттық транскомпанияларының Қазақстанның табиғи байлығына жемтікке үймелеген қара құзғынша шүйлігіп, «ғасыр ханталапайына» қатысуға мүдделілік танытып жүргені жасырын емес. Дегенмен, Қазақстанға қарасты Солтүстік Каспий өңірінде әлдебір апатты жағдай орын ала қалса, оның зардабы зор болары анық. Себебі, Солтүстік Каспий өңіріндегі теңіз суының тереңдігі 1-6 метр аралығында ғана (мәселен, Оңтүстік Каспийдегі су тереңдігі 980 метрден 1,5 шақырымға дейінгі аралықты құрайды), тиісінше, бұл аймақтағы су көлемі теңіздің барлық аумағының 1 пайызынан да аз бөлікті алады.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Аталған өңірдің табиғи ерекшелігі туралы академик Муфтах Даиров: «Солтүстік Каспий өңірінің бәрі, соның ішінде Қашаған ауданы да, жоғары сейсмикалық белсенділікпен ерекшеленеді. Каспийдің Қазақстан бөлігінде 4,5-5 шақырымдық терең-дікте жатқан, қысымы 800-ден 1100 атмосфераға, ыстығы 1200 градусқа дейін жететін, құрамында 25 пайызға дейін тотықты күкірт бар газ бен мұнай кеніштерін алып «дәрі бөшкесі» деуге болады. Теңіздің арнасының өзі тектоникалық белсенді ойпат болып саналады. Каспий бөліктері бір-бірінен гeологиялық тақталармен бөлініп тұр. Жерасты сілкіністерінің көбі Солтүстік пен Оңтүстік Каспий арасындағы шекарадағы жіктер бойымен өтеді. Сондай-ақ, Қап тауы маңы мен теңіздің оңтүстік бөлігінде болған қуаты 1-2 балдық зілзалалар да Солтүстік Каспийге жетіп жатады. Келешекте бұдан да күшті зілзалалар болуы ғажап емес. Ондай жағдай орын алса, суасты қабатына 150-450 атмосфералық қысыммен сіңген улы заттар әлсізденген аймақтар арқылы теңіз табанының жоғарғы бөлігіне көтеріліп, бүкіл биоресурстарымен қоса су қоймасы бассейнін қатты уландыруы мүмкін. Қазіргі таңда Қашағанда технологиялық жағынан сауатсыз жүргізіліп жатқан мұнай өндіру жұмыстары, біріншіден, ірі зілзалаға, екіншіден, алапат сұм-дық өрттің шығуына алып келуі мүмкін. Қашаған астында жатқан табиғи байлық — мұнай — аузы тығындалған бөтелкедегі отты жын іспетті. Ерте ме, кеш пе, бұл от ошағының бір күні күтпеген жерде жарылып, күллі Солтүстік Каспий өңірін құртып жіберуі ғажап емес. Атырау облыстық сейсмология институтының деректеріне сәйкес, Каспий өңірінде Рихтер шкаласы бойынша 7-8 балдық зілзала болуы мүмкін екен. Теңіз бен Қашағанда қандай сипатта өтетіндігіне қара-мастан (табиғи ма, техногенді ме, ол маңызды емес), зілзала бәрібір болады, бұл — дәлелденген, анық дерек. Айта кетейін, жуықта осыдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын Маңғыстау облысында қуаты 8-9 балға дейін жеткен үш палeозілзала болғандығы анықталды. Қазақстан теңіз табаны астында жатқан мұнай резервуарын босата отырып, мол ақшаның орнына өзіне жазылмайтын бас ауруын тауып алары хақ. Оған осыдан едәуір уақыт бұрын теңізде болған өртті мысалға келтірсек те жеткілікті. Сол оқиға барысында өрт бір жылға жуық уақытқа дейін сөнбей, айналасындағы 300 шаршы шақырым аумақтың табиғатын түп-тамырымен жойып жіберген еді. Өз басым мұнай өндірушілерге жағ-дайды түсіндіруге сан рет талпыныс жасадым. Бірақ, өкінішке орай, менің келтірген деректерімнің бәрін мұнайдан түскен доллардың салмағы еңсеріп кете берді»,— дейді қынжыла бас шайқап.

Апатты болдырмаудың қандай жолы бар?

Атам қазақтың: «Ауруын жасыр-ған өледі»,— деген маңызы зор нақылын ескерсек, оның бүгінгі біз сөз етіп отырған мәселеге де то-лық қатысы бары анық. Өйткені, дәл бүгін Қашағанда анау Мексика шығанағындағыдай техногендік апат орын алса, бұл Солтүстік Каспий өңіріндегі барлық жанды тіршіліктің жойылуына алып келері күмәнсіз. Сондай-ақ, Қазақстан секторындағы экологиялық жағдайдың пайдала-нылуы тоқтатылып, істен шығарыл-ған бұрғылау ұңғыларынан ағып, ашық теңізге құйылып жатқан мұнайдың әсерінен де нашарлап бара жатқанын естен шығармауға тиіспіз. Осындай мыңдаған бұр-ғылау ұңғылары кезең-кезеңімен су астында қалатын аймақтарда орналасқандықтан, олардан аққан мұнайды аймаққа жайылған қызыл су шайып, қайтадан теңізге апарып құяды. Бұл тек ресми мәлімет қана, ал, есепке алынбағаны қанша? Дерек рас болса, бүгінгі таңға дейін осы аймақтағы бар болғаны 20-дан астам бұрғылау ұңғылары ғана қайтадан залалсыздандырылғанға ұқсайды. Бұған күлесіз бе, жылайсыз ба? Тіпті, кен орындарын пайдалану тоқтатылғаннан кейін де онда қалған көміртегі қалдықтары жойылған бұрғылау ұңғылары арқылы теңізге барып құйылатын болса, теңіз бетін, шамамен, 15 миллиметрлік мұнай қабаты жабады екен. Бұл көмірсутегі мен меркаптандар сумен араласқан кезде рұқсат етілетін коэффициент мөлшерінен бес есе артық болса, булы газ мөлшері әлемнің барлық елдері ауаға таратқан булы газ көлемінен екі есе артып кетеді екен.

Жақында отандық БАҚ-тарда Мексика шығанағындағы мұнай платформасында орын алған апатты жағдайға байланысты Үкімет бас-шысы К.Мәсімовтың министрлерге Каспий теңізі аймағында мұнай өндірудің қауіпсіздігін тексеруге байланысты арнайы комиссия құру-ға тапсырма бергендігі жариялан-ды. Осыдан кейін аталған мәселеге байланысты комиссия құрылып, осы салада біраз «қозғалыс» пайда болып, стратегиялық шикізат — мұнай өндіруге жауап беретін лауа-зымды тұлғалардан жасақталған жұмысшы тобы Қашағанда болып, кеніш басында арнайы жасалған құжаттармен танысып, олардан «же-келеген кемшіліктер» тапқандығы туралы мәлімет таратылды. Мәселе одан әрі қарай қалай өрбімек? «Каспий табиғаты» МЕҰ төрағасы, сарапшы Махамбет Хакимовтың айтуынша, Мексика шығанағындағыдай апат Каспий өңірінде де кез келген уақытта (оның өнім өндіруді бас-тауға қатысты болуы міндетті емес) орын алуы әбден мүмкін. Ол: «Консорциумның 2 не 10 шақты емес, бақандай 240 ұңғыны бұрғылап жатқандығы тәуекел деңгейін арт-тыра түседі. Оның бетін әрі қылсын, бірақ, Мексика шығанағындағыдай жағдай бізде де орын алса, біз бүкіл Солтүстік Каспий өңірінен толығы-мен айырылып қалуымыз кәдік! Ал, мұны экологиялық апат қана емес, төл халқымызға жасалған экологиялық суицид демегенде не деуге болады? Біз қазір апат салдарымен күресумен емес, оны болдырмай, зілзаланың алдын алумен айналысуымыз керек. Себебі, ондай апат орын алса, құт-қаратындай да ештеңе қалмасы кәміл. Ендеше, дертке шалдығып, ұзақ уақыт бойы емделгеннен гөрі оның алдын алған әлдеқайда жеңіл болмақ. Қазіргі күні Каспий теңізін өндірістік экспансиядан қорғау — бұл — айналып келгенде, тек экологиялық қана емес, керек десеңіз, саяси акті. Өйткені, біз басқаны емес, өзіміздің төл Отанымыздың қоршаған ортасын қорғаймыз! Алла тағала барша қазақ-стандықтардың ақыл-ойын осы мақ-сат төңірегіне ұюға жазсын!»— дейді. Несі бар, бізге Тәңірі осынау маңызы зор сөзден қорытынды шығаруды нәсіп еткей...

12.07.2010

Ермек Сахариев

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл

 Diğer Başlıklar
Бушер АЭС-і іске қосылды
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Қазақ пен жапон елдерінің қарым-қатынасы нығаяды
Саяси тұрақтылық барлық елге ауадай қажет
Автокеруенге – «жасыл көше»
Мектеп инспекторының мәртебесі көтеріледі
Тәртіпсіз ел болмайды

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды