Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Түрік дүни... Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Түрік дүниесі

Өзбекстан халық санын неге шектейді?

Иә, Өзбекстандағы халық санын шектеу шарасы қасіретке ұласа бастағандай.«Өзбекстанда дәрігерлер рұқсат алмастан, ескертпестен жүздеген өзбек әйелдерін хирургиялық жолмен бала туу қабілетінен айырған. Бұл шара халық санын шектеуге бағытталған бағдарлама аясында жүзеге асырылған», – деп жазады «The Independent» басылымы. Дәрігерлер мен құқыққорғаушылардың сөзіне қарағанда, биыл Ислам Каримов 1990-жылдары өзі ұсынған стерилизация жөніндегі бағдарламаны барынша қолға алған. Ақпан айында шыққан бұйрық бойынша, Денсаулық сақтау министрлігі «бала туу жасындағы әйелдерді медициналық тексеру бойынша бақылауды күшейту» туралы барлық медициналық ұйымдарға тапсырма берген. Және бұйрықта «қаласа, әйелдерге хирургиялық контрацепция тегін жасалуы керек» делінген.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Тікелей бұйрықтың сол болғаны ма, әлде бас ал десе шаш алушылық па, әйтеуір өзбек дәрігерлері әйелдердің қалаған-қаламағанына қарап жатқан жоқ тәрізді. «Стерилизация жасау жөніндегі шараға мыңдаған дәрігерлер мен медбикелер қатысуда. Олар бала туу жасындағы келіншектерді, әсіресе екі баладан көп туған әйелдерді үгіттеуде», – деп жазды мақала авторы Мансур Мировалов.

2007 жылы БҰҰ-ның қинауға қарсы комитеті өзбек әйелдерін күштеп бала туу қабілетінен айыру және жыныс органдарын алып тастау оқиғалары жиі кездесетінін айтып, өзбек билігін сын тезіне алған болатын. Мұндай жағдай көбінесе баланы қарын жарып алған кезде жиі кездеседі. Осының кесірінен бала сүюден қалған кейбір өзбек әйелдерін күйеулері тастап кеткен.

Осыған бір мысал, Саодат Рахимбаева атты 24 жастағы келіншек наурыз айында өздігінен босана алмай, нәрестені хирургиялық жолмен дүниеге әкелген. Шала туылған Ибрагим көп ұзамай шетінеп кеткен. Сәбиін жер қойнына берген Саодат Рахимбаева біраз уақыт өткен соң операция кезінде хирургтың жатырының жартысын кесіп алып тастап, бедеу еткенін білген. Қайғы үстіне қайғы жамылған.

Ал дәрігерлер қауіпті ісіктің алдын алу үшін гистерэктомия жасауға мәжбүр болғанын айтып ақталады. Саодат Рахимбаева болса, тууды шектеу бағдарламасының құрбаны болдым деп есептейді.

«Менің рұқсатымды сұрамады, тексеру жүргізген де жоқ. Мені тілсіз мақұлықтай көріп, етімді кесіп, жарымжан етті. Ибрагиммен бірге неге өлмедім?» — деп зар жылайды жас келіншек. Перзентханадан шыққан соң Рахимбаева басындағы қайғысын күйеуіне айтқан. Күйеуінен қолдау күтіп, көзі жәудірей қараған келіншек одан безбүйректік көрем деп мүлде ойламаған-ды. «Адал жары» Саодатты әкесінің үйіне апарып тастап, жақында заң жүзінде ажырасатынын айтқан. «Ол (күйеуі – ред) дәрігерлердің не үшін былай істегенін сұраған да жоқ. Бәріне өзімді кінәлі етіп шығарды. Енді мен бала көтере алмаймын. Жұмысым да жоқ. Болашағым да жоқ», – деп күйінеді Рахимбаева.

30.07.2010

Шадияр Өстемірұлы

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Төрт қырғыздың басы қосылса, үшеуінің президент болғысы келеді
«Көрұғлы» жырындағы батырдың аңқаулығы мен айлакерлігі
Ильхам Әлиев күрд пе?
Түрік үкіметі әскербасыларын өздері тағайындады
Қырым татарларының меджилисі Януковичпен кездесуге келмеді...
Ташкентте тіркеуге тұру қиындамақ
Есірткі бүтіндей бір ұлтты құрдымға кетіруі мүмкін

 Diğer Başlıklar
Израиль әскерилері «Бейбітшілік флотилиясында» ұрлық жасап ұсталды
Әзірбайжанда Түркияның әскери базасы орналасуы мүмкін
Өзбекстан “Сhevrolet Spark” автокөлігін шығарды
Татарлардың жаппай ораза ұстауы бірeулeрге жақпайды...
БҰҰ Қырғызстан аштыққа ұшырайды деп дабыл қақты
Моңғолия қазақтары білімге құмар
Ыстамбұл — Еуропадағы мәдени және өнер астанасы
«Көрұғлы» жырындағы батырдың аңқаулығы мен айлакерлігі
Ильхам Әлиев күрд пе?
Есірткі бүтіндей бір ұлтты құрдымға кетіруі мүмкін

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды