Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Аймақтар а... Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Аймақтар айнасы

Мемлeкеттік тілді 95% емес, 100% үйрететін бағдарлама қажет

Астананың қақ төріндегі Үкімет үйінде тағы да тіл мәселесі талқыланды. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға» арналған кеңеске игі жақсылардың бәрі дерлік жиналды. Үмітін үкілеп келген ағайынның сенімі ақталды ма? Үкіметтің ұсынған жобасы көпшіліктен қолдау тапты ма? Біз осы жайларды шамамыз жеткенше тарқатып айтып көрмекпіз.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Кешегі тоталитарлық жүйеде езіліп, еңсесі түскен қазақ тілі әлі күнге «ескі ауруынан» айыға алмай келеді. «Диагнозы» дұрыс қойылмаса ауру асқына береді емес пе? Дәл соның кебі. Бұған дейін де тіл жайында аз сөз болған жоқ. Тілді жетілдіруге, үйретуге қаншама қаржы бөлінді. Қаншама тіл үйрететін курстар ашылды. Қанша кеңірдегімізді керіп, айқай-сүрең салғанымызбен, тіл мәселесі әлі күнге өзекті, әлі күнге қазақ тілінің бағы да, бабы да ашылмай тұр.

Кеңесті Премьер-министр Кәрім Мәсімов ашты. Іле-шала тізгінді қолына алған Мәдениет министрі М.А.Құл-Мұхаммед тіл мәселесінің көкейтестілігіне біраз тоқталды.

— Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарлама жобасы ең алдымен мемлекеттік тілді алдағы он жыл ішінде дамытудың негізгі бағыт-бағдарын айқындауға арналған.

Бүгін назарларыңызға ұсынылып отырған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу кезінде 30-дан астам шетелдің тіл саясатын құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді. Осы бағдарламада мемлекеттік тілді қолданудың абырой-беделін көтеру және оған деген қажеттілік пен сұранысты кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру қарастырылған. Күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлесу мәдениеттілікпен зиялылықтың дәрежесі саналып, әсіресе жастардың ортасында сәнге, керек десеңіз, ұлтты сыйлау, ата-баба тіліне қамқорлық көрсету және қазақ патриотизмінің шынайы көрінісіне айналуы тиіс. Енді біз осы келеңсіздікті жойып, керісінше қазақ тілін білу қоғамдық саяси өмірдің бар саласында өзін еркін сезінудің, қызмет тұрғысынан өсудің, кемелдіктің, кәсіби артықшылықтың белгісі екендігін қалыптастыруымыз керек, — деп, ол бағдарламаның төрт тұғырлы мақсатына жеке-жеке тоқталды.

1) Мемлекеттік тіл — ұлт бірлігінің басты факторы.

2) Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату.

3) Дамыған тіл мәдениеті — зиялы ұлттың күш қуаты.

4) Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

Бұл мәселелердің бәрін жілікше шағып, тарқата айтты Мұхаң.

Әрине, Мұқаңның көл-көсір баяндамасын жиылған қауым сүйсіне тыңдады. Содан соң сөз алған шешендер өз ойларын ортаға салды. Әсіресе қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінің келешегіне көз жүгіртіп, салиқалы сөз айтулары ешкімді бейжай қалдырмады. Сөйлеуге тілек білдірген теле-журналист О.Лакутоваға Мұхтар Абрарұлы: — Қане, Ольга, тіл білмейтін қазақтарға қалай сөйлеуді үйретші, —дегенде, тілінен безінген шала қазақтар жерге кіріп кетсе болатын еді.

— «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қадап айтқан сөздері баршамызға символ ретінде аян. Қазақ тілі — біздің болашағымыз, жас ұрпақтарымыздың келешегі, үміті, — деп шегеледі сөзін Ольга. — Мен телеарна журналисі ретінде Бағдарлама жобасымен танысып шықтым.

Маған қатты ұнағаны — мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарна құру жайы. Бұл осыдан 3-4 жыл бұрын қойылған мәселе еді. Алайда, енді ғана экономикалық, ғылыми-технологиялық мәселелер реттеліп, осы шешімге Бағдарлама аясында қол жеткізілгеніне қуаныштымын.

Екінші болып сөз алған ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметкері Олег Кузин былай деді: — Еліміздегі әрбір азаматтың мемлекеттік тілді білуі — парыз, әрі міндет. Биылғы жылғы мақұлданған “Ел бірлігі” доктринасында бұл туралы айқын көрсетілген. Ал қоғамымызда мемлекеттік тіліміздің толыққанды қызмет атқаруы үшін жан-жақты шаралар қарастырылған арнайы бағдарлама қажет екені сөзсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, “Біз барлығымыз бүкіл қазақстандықтарды біріктіруші негізгі фактор — мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет”.

Ал үшінші сөйлeген Л.Шапошникованың сөйлeген сөзі де жігерлі шықты: — «Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностар тілін сақтау жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты болып табылады. Бағдарламаның «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» атты мақсатын іске асыру қазіргі мемлекеттік қызметшілер, яғни жастар үшін өте қажетті басымдық деп білемін. Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы болады. Өйткені қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі», — деп баса көрсеткен еді. Мына бағдарламада да мемлекеттік тілімізге басымдық айрықша беріліпті.

Қазақ тілінде еркін сөйлеп, жаза алатын өзге ұлт өкілдерінің осы жалынды сөздері — тіл білмейтін бауырларға үлгі. «Тілді үйренуге ақша, т.б. материалдық жағдайлар көмектеседі деу бекер. Ең басты керегі — ынта», дегендері кім-кімге де ой саларлық.

Амангелді Айталының сөзі түйінді шықты: — Жобаны бастан-аяқ мұқият оқып шықтым. Жақсы бір істі қолға алған екенсіздер. Заңда орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады деген бап бар. Соның көшірмесіндей жолдар осы жобаға да көлеңкесін түсіріпті. Осыған баса назар аудару керек. Алдыңғыдан сабақ алғанымыз дұрыс. Біз орыс тілін саптан шығарып таста деп отырған жоқпыз. Қандай жаңа іске бет алсақ та, орыс тілі шаужайлап бірге жүреді. Осыдан арылу керек. Тілсіз ұлт болмайды. Қай кезде де өзге тілдерден қазақ тілінің десі биік тұруға тиіс. Экономика мен саясат жеткен биіктен қазақ тілінің үні естілмейінше, жасап жатқан істің бәрі бекер. Осыны билік мойындап, жаңа қадамдарға баруы керек.

Мұхтар Шаханов әңгімені әріден қозғады:

— Жапондарда ата-бабадан қалған керемет көне дәстүр бар. Ол дәстүр бойынша жасы 13-ке толғанша жапон баласына өзге тілді оқытуға тыйым салынған. Бұл дәстүрді олар күні бүгінге дейін қатты ұстанып келеді. Оған себеп: 13 жасқа дейін ата-баба дәстүрін, тілін, ділін үйренген бала тамырынан алыстап кетпейтін көрінеді. Есейіп етек жеңін жапқан соң, мейлі жүз тіл үйренсе де шек қойылмайды. Міне, әлем мойындаған жапондардың ерекшелігі. Балаларды үш тілде сөйлетеміз деп мұғалімдеріміз кеуделері көріктей болып жүр. Міне, біздегі жағдай. Адамның бойынан ата-баба дәстүрі, тілі мен ділі алыстаған сайын намыс пен жігер қашады. Рухсыз ұлмен, қылықсыз қыздан қазақ қоғамы шаршады. Билік қазақша сөйлемей, шенеуніктер қазақша сөйлейді деу бос әңгіме.

Профессор Мырзатай Жолдасбеков ащылау сөйлeді: — Мен білетін қазақ атқа бір мінбейді. Бір мінсе түсуі қиын. Қазақ халқының ашу-ызасына тие беруге болмайды. Тілдің мәселесі асқынып барады. Тіл — ұлттың үні, тәуелсіздіктің тірегі. Өз ұлтының тағдырына бейжай қарамайтын кез келген адам мемлекеттік тілдің жайына үнемі алаңдайды. Мысалы, Премьер-министр Кәрім інім осыдан үш жыл бұрын Үкіметтің тізгінін қолға алған кезде қазақшасы бүгінгідей емес еді. Қазір қалай сөйлейтінін өздеріңіз көріп отырсыздар. Енді 1-2 жылдан кейін оның қазақша оқыған қазақтардан кем сөйлемейтініне мен күмәнданбаймын. Енді мемлекеттік тілді үйренуді тек өзіңізден ғана емес, Үкімет мүшелерінен, министрлерден талап етіңіз. Премьер пример көрсетіп жатқанда үйренбей көрсін министрлер.

Жиын соңында «Бағдарлама 10 жылға жоспарланыпты. Өте ұзақ қой» деген күңкілдерді құлағымыз шалды. Осы ойларын мінберге шығып айтса, ешкім қой деген жоқ қой оларға. «Күлтөбенің басында күнде жиын» демекші, тағы да бас қосып, тағы да мемлекеттік тіл жайлы шерімізді тарқаттық. Бірақ көңілде тағы да күдік бар. Осы бағдарлама сияқты бұрын да талай бағдарламалар шықты. Бұл да солардың кебін кимей ме? Бағдарлама халық талқылауына берілді. Сіздер не айтасыздар, халайық!

30.07.2010

Сәулe Мешітбайқызы, Нағашыбай Қабылбеков.

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Білім күні қыр астында, ойбай, мектебіміз қайда?
Алматы облысында таңғажайып Тіл сарайы, спорт кешені, Достық үйі, Қызылағаш ауылы бой көтерді
Шәмші фестивалінде жырдан шашу шашылды
Абайға арналған әдеби-сазды кеш
Ақ алтынның орнына ақ маржан өсіруге көшті
Мәдениет ошақтары көбейіп келeді

 Diğer Başlıklar
Көкпeкті көркeйіп кeлeді
Пара алушы соттала ма, әлде беруші соттала ма?
Жалпыға жаққан жәрмеңке күзге дейін жалғасады
Облыс әкімінің қолдауымен жетімдерді жұмысқа орналастырды
Семейліктер неге артта қалды?
“Кентау қырандарынан” үлгі ал!
Балаларға сый-сияпат
Өндірістік жобалар іске аспақ
Қосқақ көлінің балшығын тәжірибеге енгізгеніме қуанамын
Оқулықтар сатып алу үшін 2438050 теңге бөлінген

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды