Мөлдірбұлақ  |  Мекенжайымыз
Eyl 09, 2010
Әлеумет Бастапқы б...
Саясат
Экономика
Мәдениет
Қоғам
Қамшыбасар
Аймақтар айнасы
Әлеумет
Жанайқай
Түрік дүниесі
Жер жаһан
Білім
Руханият
Дін
Тарих
Отбасы
Жатыпоқыр

Әлеумет

Астанада 500 үлeскер, Көкшетауда 12 саудагер аштық жариялады

Астанада үлескерлер мен борышкерлердің аштық жариялап жатқанына екі апта болды. Қазір бұл шараға қатысқысы келетіндердің саны 500-ден асып және ол күн сайын өсіп жатқан көрінеді. Үлескерлер әр аптаның дүйсенбісінде арнайы жиын өткізіп тұруды жоспарлаған және өз талаптары орындалмайынша, бұл шараны жалғастыра беретіндерін қадап айтуда.


Etkileşim Kutusu
İşaretle & Paylaş
Video Foto Ses
Yazıcıya Gönder Arkadaşına Gönder
Yorum yaz
Yorum Oku

Олардың дені — ипотекалық несиесін төлей алмай, баспанасынан айырылып қалғандар, үйлерінің құрылысы аяқталмағандар және үлескер ретінде екі пәтерге ақша салып, соның екіншісін ала алмай жүргендер. «Баспана базынасымен талай жерге арызданып, одан еш нәтиже шықпаған соң, осындай қадамға барып отырмыз», — дейді аштық шарасына қатысушылар. Олар бұл әрекеттерін алдағы қазан айының 30-на дейін жалғастыратындарына нық сенімді. Өйткені дәл сол кезде Астанада ЕҚЫҰ мүше елдердің саммиті өтпек.

Ал Көкшетауда коммуналдық базарды жауып тастаған әкімдіктің шешіміне қарсы базар сатушылары аштыққа отырды. Қазір олардың саны 12 адамға жетті. Он бес жыл бойы бұл жерде көкөніс сатумен айналысып келген саудагерлер сауда орындарын қайтарып алғанша райынан қайтар емес. Ал қала әкімдігі сауда орны орналасқан көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Олар базар қызметкерлерінің бұған дейін бірнеше рет заңсыз наразылық шараларын ұйымдастырғанын айтады. Саудагерлермен бірнеше мәрте келіссөз жүргізілгенімен, еш нәтиже шықпаған.

30.07.2010

Гүлжанат Шонабай

Айдар бойынша ең көп оқылатындар

Тіл бағдарламасының орындалуын тіл жанашырлары бақылауы қажет

 Diğer Başlıklar
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Тіл бағдарламасының орындалуын тіл жанашырлары бақылауы қажет
«Қазақстан-Zaman» тағы да Нұрлы көш ауылында
Тіл тазалығымен алдымен журналистер күрессін!
Құйттай қоқыс үлкен қоқыстың бетін ашты
«Шымбұлақ» Азия ойындарына дайын ба?
Қытай Іле мен Ертісті бөгесе, ұлардай шулап қаламыз!
Оралхан Бөкей байқауында орыс қызы үздік атанды
Ардагерлeр тұрғын үйін жекешелeндіре бастады
«Әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін қор қылды-ау»
2700 метр биіктегі Асы жайлауына нұр себелeп тұр!

Ең көп оқылытын хабарлар

Адамның соңғы сапары аста-төкпен өлшенбейді
Ұлттық құндылықты дәріптейтін бағдарламаны енгізуге не кедергі?
Алаштың абыройы болған Ата Заңға – 15 жыл
Мәңгүрт Ұлтсызовтардан Құдай сақтасын!
Қазақтың саф алтынының қызығын кім көріп отыр?
Есірткі тасымалы есіріп тұр
Кадр тапшылығы мәселeсін Үкімет дерeу қарастыруы кeрeк
Ресей мен Беларусь мысық пен тышқан ойнасын, ал біз ше?
Қадір түнін қалай қарсы аламыз?
Бушер АЭС-і іске қосылды