Ağustos 22, 2014
 
 
 
 
 
 

Ескіше күн, ай, жыл атаулары

17 Mart 2011, Perşembe / ДАЙЫНДАҒАН ЖУРНАЛИСТ АЗАТ МҰСАЕВ,
Add to Google

Төмендегі жұлдызнама жүйесіне арналған дүние осыдан 520 жылдай бұрын жазылған үлкен ғылыми еңбек «Шипагерлік баяннан» алынып отыр. Қазақ хандығының іргесін қаласқан алғашқы хандарымыздың бірі Əз Жəнібектің тікелей нұсқауымен жазылған бұл үлкен еңбектің иесі — қатарынан қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Бұл жəйт біздің қазақы дəстүрімізде жұлдызнама жүйесінің тым ерте кезден-ақ бар екенін дəлелдейді. Сонымен, баба еңбегінен алынған үзіндіге назар аударайық.

 

Алла тағала он сегіз мың ғаламды алты-ақ күнде жаратқан, ол күн аттары:

Бақтал (сенбі)

Баттал (жексенбі)

Сақтал (дүйсенбі)

Жақтал (сейсенбі)

Аттал (сәрсенбі) 

Ғаттал (бейсенбі) 

Мереке (жұма)

Жұма — он сегіз мың ғалам жаралып біт¬кен мереке күні. 

Бір қарықтау (түн) мен бір жарықтау (күн) ұштасып, толығып, толысып қабыспағы ұйқаш (тәулік) делініп, санамы жетіге толса мереке (апта), отызға толымдаулығы айғақ (ай) аталымын қойындамақ. 

Айғақ саналғысы толымды он екіні толықтырғанда бір жылды тауысады да, он үшке аяқ басқанда келесі жыл басталмағы айқындылығы әйгіленімі шарт. Үш жүз алпыс ұйқаш (тәулік) уыстаған жыл толыңғысы 180 қарықтау, 180 жарықтау және 48 мерекені несібелеп еншілік¬теп, өтердендік жыл мәнісін білдіргілігі көземелік. Қыста қарықтау ұзармағы мен жарықтау қысқарым тапбақтанса, артын¬ша жазда қарықтау қысқарғылықтап, жарықтау ұзармағы теңгермеленіп, жал-ғыстырылғы ауысымы Алла құдіретімен жаратқан парызы болмақ. 

Бір айғақ төрт мерекеге толмақ. Алды- артқы өларалық ұйқашпен отыз күн болмақ. Бұл айлар жылға аманмен алдынан шығып жолықпақ, сыйға толған жыл толықпақ. Жасы жетіп шекті ғұмыры біткен жыл күні тайай зорықпақ, ажалы жете көзі жоғалып, ата-бабасының томпаймасыздығы молық-пақ. Осыны өткермелегіштеуші айғақ аталғылар:

1. Ергеу (наурыз)

2. Көктеу (көкек)

3. Мезгеу (мамыр)

4. Көзгеу (маусым)

5. Шілдеу (шілде)

6. Тамыздық (тамыз) 

7. Дәндeу (мизам) 

8. Соқтау (қазан) 

9. Күйек (қараша) 

10. Қауыс (ықтырғы) 

11. Ығыс (желтоқсан)

12. Қаңтар (қаңтар)

Аяңдық аңдып басудан тайынбаған да танбаған он екі айғақты өткен жылдың ер¬гeншегіне байлап, келген жылдың бетін ашып, өз саналғысымен теңестіріп, жылды он екіге толтырып, он үшке аяқ басарда мүшел жыл шыға келмек. Мүшелдік жасалғылдық түпкілік өзектілігі өрелгі жыл¬дар аталымдары етектeуіш көз көргілі болмағы:

1. Сумақы (тышқан)

2. Маңғаз (сиыр)

3. Айбар (барыс)

4. Секем (қоян)

5. Сумаң (жылан)

6. Тұлпар (жылқы)

7. Иртек (ұлу)

8. Шопан (қой)

9. Мешін (мешін)

10. Айтақ (ит)

11. Шақырауық (тауық)

12. Қорысқы (доңыз) деп аталғыланып бір һалал, бір һарамнан теңгерімделгі тапқаны айқын ұғыныс. Әрі көсем, әрі біл¬гір ата-бабамыз осы жыл аталымдарын хай¬уанат, мақұлұқат аталғылығымен атаған. Алла адамзатына өзінен кейінгі ақыл-па¬расатты беріп, 18 мың ғаламның бәрін бағындырушы еткені хақ. 

Ал адамзатты өзінен басқаның бәрін мойын ұсындыратыны да дәлелімдік саналғылық. Әне, соның үшін 18 мың ғалам – адамзатының несіптік ризығы. Бұл Алланың жаратымы. Неліктен жылдар аты мақұлұқат аталғыларымен аталған? 

Алла біледі ғой, бірақ ата-ана балаға сын¬шы, ата-бабаларымыз әр жылғы туылған нәрестелердің жыл басындағы бір жұма ішінде туылғандардың мінездемелік құлқы мен сол жылғы жылдық ырайлық құбы-лым өзгерімінің және ауысымдық алтылық өзгерісінің ұқсастығы барлығын аңғарған, бірте-бірте көзі әбден жеткілік болған айқындығы туылған. Осыған сай кемеңгер ата-бабаларымыз әр жылғы туылған ба-лалардың мінездемелік пейіл, мінездемелік һарекет, мінездемелік сөйлемелік, мінезде¬мелік құлық ұқсастығына сай баса маңыз беріп, деңгейлес құлық, сыпаттас мінезге дәл түптес хайуанаттар мен мақұлұқтарды тал¬дап, соның аталғысымен атаған. Туылған бала атымен атауға тікелейлік ел намысы мен ер намысы жол бермеген. Тіпті кейбі¬реулер күнбилердің бике, тақ мұрагері біліктісі, қалғаны сұлтандардың сұлбасы, сұлғасы, ең аяққылығы қаранның, қарашаның ұрпағы болса да қаны бір туыстығы жақын, ұраны ортақ болған. Сондықтан бет¬ке шіркеу, намысқа сіл¬кеу қанға дақ түсіргілік болмауға тіке айтудан жалт бұрылып, жана-малай жалғасқылық аталымдық амалын қолдалынғылық жара¬тымы айқын ұғындарғы. Олайы ырайлық құ-былым өзгерісі, ауы-сымдық алталық жол бер¬кесі, ұқсастық шатысыда дүлей, ат қойып аталғылық етпек мақұлықтарда негі¬зі дүлей, соның үшін алайлық пен дүлейлікті теңгермелеп, мі¬нездемелік ұштаспалық, ұласымдық жалғамындық жарасым талғамымен адамзатындық барлық мінездер мен құлықты жинамалап, он екіге құндақтатып аталымдағанда, етектеуіш үлгілік қа-рапай¬ым туылмағы айқындық берген...» 

Таңқаларлық жайт, ескі қолданыстағы күн, ай, жыл атаулары қайда кеткен? Ойла¬нарлық дүние...

 

 
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар