Aralık 22, 2014
 
 
 
 
 
 

Аңсаған азаттықты бабаларым

20 Ekim 2011, Perşembe / КИІКБАЙ ІЗЕТҰЛЫ,
Add to Google

«Қазалы – Асандар» көтерілісі құрбандарын еске алу мерекесінен 1929-1932 жылдары қазақ елінде жүргізілген күштеп ұжымдастыруға қарсы 372 наразылық пен бас көтерулер болған. 1929 жылдарғы наразылықтар жекелеген аудандарда басталып, 1930 жылы жаппай қозғалысқа ұласты. Байларды тәркілеу, малдарын тартып алу үрдісі жалғаса түсті. Соның салдарынан жергілікті байлар малдарын айдап, өз ауылдарынан мың шақырымға құм арасына қашып кеткен. Қазалы ауданындағы байлар жедел қарқынмен Бұқара, Хиуа, Самарқанға қашып кетеді. 

 

Бастапқы белгіленген жеті адамның орнына оннан аса адам бірінші тізіммен тәркіленіп, Адай өңіріне жер аударылған. Келесі кезең – кедей-кепшіктерге қайта-қайта салық салуды үдете түскен. Қолдан әртүрлі салық түрін көбейткен. Көшіп кеткен байлар салығын елде қалған орташалар мен кедейлерге бөліп салған. Салынған салық мөлшерін орындамаған адамдардың төбесіне мұздай су құю, «тәркіленесің» деп қорқыту жазаларын қолданған. Қазалы ауданының 20 ауылында жоғарыдан келген өкіл шаруаларға Қызылқұмға жайлауға шығуға тыйым салып, арнайы бригада жіберіп, 92 мал шаруашылығын Сыр бойына көшіріп, егін егуге күштеген. Астық салығымен бірге шикізат салықтары кезінде зорлап күштеу, қыстыгүні қой қырқуға, кейбір ауылдарда жылқылардың жалдары мен құйрықтарын қырқуға мәжбүрлеген. Мұндай фактілерді зерттеп, зерделеген тарихшылар ҰҚК мұрағатынан алынған деректерді тебірене тұрып сөз қозғады. 

Қызыл империяның осындай озбырлығына шыдамаған, құқығы тапталғандар өкімет талабын орындаудан бас тартып, оларға тікелей қарсы күреске шығады. Солардың бірі – Қазалы ауданындағы Асандар көтерілісі. Бұл қозғалысқа Сырдарияның сол жағалауында қоныс тепкен Асан елі түгелдей бас көтереді. Зіркілдеген зеңбірек пен аузынан от шашқан пулеметпен қаруланған қызыл әскердің күшіне қарамастан, қолында бар қаруымен, күрек, кетпен, келдек, айыр және тырмалармен қарсы күресті. Қаншама азаматтары қырғынға ұшыраса да осы қозғалыстың осылай бастау алуы, олардың келешек арттағы ұрпақтарының азаттығы мен бостандығына бастаған жол еді. Сол қозғалысқа бүгінгі күні сексен жыл толып отыр. Қазалы ауданында «Қазалы – Асандар» азаттық көтерілісі құрбандарын еске алу күні ерекше атап өтілді. 

Іс-шара бойынша алғашқы күні еліміздің барлық аймағынан жиналғандар Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандарының езгісіне, Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының кесенесіне тағзым етуден басталды. Одан әрі аудан орталығына қойылған Әйтеке бидің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, дұға бағышталды.

«Тәуелсіздік – ата-баба арманы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу-шылар «Асандар көтерілісінің танымы мен тағылымдары» жайлы тарих ғылымдары-ның докторы, Қорқыт Ата университетінің профессоры Б.Қожамбердиев, «Қазалы – Асандар көтерілісі немесе «Ата-баба ерлігі халық мұрасы» атты тақырыптарда Қорқыт Ата университетінің проректоры, доцент Н.Байқадамов, профессор М.Матаевтардың баяндамаларын тыңдады. Бұдан сексен жыл бұрын халық жауға аттанып, жазықсыз атылған азаматтардың есімдерін естіген ұрпақтары көздеріне жас алып, баяндамашыларға алғыстарын білдірді. Әсіресе, Астанадан арнайы келген Б.Самалова профессор Мұстафа Матаевқа бірге өскен, аудандық соттың бірнеше жыл төрағасы болған ағасы марқұм Нұрқабыл Жұбанғановтың әкесінің атылған қағазын көргенде егіле жылағанын еске алғанда оның жетім қалған жеті баласын асырап өсіргені жөнінде айта келіп, рақметін жеткізді. 

Бұдан әрі халық республикалық ақындар айтысын тамашалады. «Қазалы – Асандар» азаттық көтерілісі құрбандарына қойылған ескерткіш Сырдарияның сол жағалауына биік жерге орналасыпты. Кесенеге тағзым еткен халық аудан әкімі Айтбай Көшербайұлының сөйлеген сөзінен өткен өмір тарихын еске түсірді. Одан әрі кесене басында ҚР мәдениет қайраткері, ақын Жетіскен Мәкеналының «Асан көтерілісі немесе отызыншы жылдың ойраны» атты тарихи-трагедиялық драмадан қойылған көріністерді жергілікті өнер шеберлері ерекше өрнектеді.

Түстен кейін халық Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда Тай, Құнан, Жорға және Аламан бәйгелер жарысының куәсі болды.

 
Аймақтар айнасы  Diğer Başlıklar
Президент мектебінің алғашқы кірпіші қаланды
Қостанайда болған атыс
Елбасының Оңтүстіктегі оң тірліктерге көңілі толды
Атыраулықтардың ресейлік қандастарымызға тартуы
«Жасыл жапырақ» Сыр өңірін көріктендіреді
Қазыбек би қабырғалы халқына қарап тұр
Кентау трансформатор зауыты — жастардың жанашыры
Қарағандылықтар әлемдік нарықта қапы қалмайды
Тәуелсіздікке тағзым
Мемлекеттік қызметкер — билік иесі емес
Жeр бөлуде жершілдікке жол жоқ!
Жаңа зауытқа жергілікті жұмысшылар тартылмақ
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар