Ağustos 01, 2014
 
 
 
 
 
 

Кедендік одақ — қымбатшылықтың бастауы

16 Şubat 2012, Perşembe / ,
Add to Google
Шымшықов Жангелді, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры

«Еттің бағасы 2 мың теңгеге иек арты», — десек, осы 2000 теңге баға қандай құрамдас бөліктерден тұрады деген сұраққа әуелі жауап берелік. Баға = шығындар (өзіндік құн) + орта пайда. Соңғысын талдап әуре болудың қажеті жоқ, өйткені кез келген өнім өндіруші ең болмаса орташа табыс табуға тиісті.

 

 Ал шығындар немесе өзіндік құнды талдасақ: ең әуелі жем-шөп, суару, бағу шығындары (малды асырап, жемдеуге қажетті шөп, жем сатып алуға кеткен шығындар), бақташы, малшының жалақысы, малды союға кеткен шығындар, сойылған етті тасымалдауға кеткен шығындар немесе көлік шығында-ры жанар-жағармай бағасы көтерілсе, өзінен-өзі көлік шығындары (сойылған етті тасымалдауға керекті) өседі, алайда жем-шөп әзірлеуге де, тасымалдауға да, жанар-жағармай қажет, ендеше жем-шөп те автоматты түрде қымбаттайды, суару, сою да көліксіз жүзеге аспайды, бақташы, малшылар жалақысын да ЖЖМ бағасына сәйкес көтеру қажет. Сөйтіп, еттің (кез келген өнімнің) бағасы мен жанар-жағармай бағасы тұп-тура пропорционал байланыс- та болады. Қазақстандағы дүкенге сауда арқылы тұтынушының қоржынына түсетін азық-түліктің (49%) тең жартысы импорт — сырттан әкелетін тауарлар. Оның ішінде консервіленген ет, сүт, көкөніс сияқты өнімдердің басым көпшілігі Ресейден келеді. Олардың бағасына Қазақстан бәлендей әсер ете алмайды. Цитрус, құрма, банан, ананас алыс шетелдерден бұрын өте төмен кеден салығымен шекарадан өтсе, енді Кедендік Одақ саясатымен жоғары кедендік салықпен өтіп қымбаттайды. Сол сияқты көкөніс те Ресей қалаған салықпен өткізіледі. Ендеше, наннан, шикі ет, күріш сияқты азық түрлерінен басқаларына Қазақстан осалдық танытады, өйткені азық-түлік бағасы кеден салығының есебінен де қымбатқа түседі. Осыдан төрт жыл бұрын алғашқы кедендік одақ туралы әңгіме қозғала бастағанда барлық экономист мамандар бағаның көтерілуі әбден мүмкін және оны тоқтату тек қана Ресейдің деңгейіне жеткен кезде ғана болады дегенбіз. Міне, соның дүмпуі келе бастады».

 
Әлеумет  Diğer Başlıklar
Ар соты
Елбасы Н.Назарбаев шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянды қабылдады
Ұзақ жасағың келсе, жүрегіңді аяла!
Қоқыстарға «қарсы тұру» — Үкіметке сын
Астана минутына 650 мың теңгені «жұтады»
Көркі қуантады, қылмысы мұңайтады
«Мөлдір бұлақ» 10 жаста!
8 мың сыбайлас жемқорлықтың 5,5 мыңы экономикаға қатысты
Жер телімдері тексерілмек
Жүргізуші куәлігі бір терезе жүйесімен берілмек
Қорғасты тасқын судан қорғай аламыз ба?
Еліміздегі діни бірлестіктердің саны 13 пайызға азайды
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар