Nisan 17, 2014
 
 
 
 
 
 

Халықаралық «Қазақстан-Zaman» газетінің 20 жылдық тарихынан

22 Aralık 2012, Cumartesi / ҚАЗАҚСТАН ZAMAN,
Write Comment 0 Add to Google

1992 жылы жарық көрген басылымның ең алғашқы санында «Қаламгер ой толғайды» айдарымен Әбіш Кекілбайдың «Ту тұғыры берік болсын десек...» атты материалы басылып, онда жазушы ұзақ ғасырлар бойы қазақ халқы аңсап келіп, енді ғана қол жеткізген тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеп, ұлт шаңырағын биіктетудің мүдде-мұддағасы жайында басқаларға ой салар толғамдарын ортаға салған.

 

 1992 жылы шыққан газеттерде осы айдармен Кәкімбек Салықовтың «Экология, экономика, саясат» атты мақаласы сияқты тағы да бірнеше өзекті мәселелер қозғалған. Басылымның алғашқы жылғы сандарында негізінен Түркия мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік саладағы екіжақты қарым-қатынасты дамытып, нығайтуға айрықша көңіл бөлініп отырғаны көзге бірден шалынады. Мысалы, газеттің алғашқы санында «Дұғай сәлем!» айдарымен Ислам Жеменейдің «Аңсап жүрген ағайын бар», Халифа Алтайдың «Алладан халқыма нұр жаусын» деген мақаласынан бастап әрі қарай да «Америкадағы ағайынның ақ тілегі», Мұртаза Жүнісұлының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», Сәбит Дүйсенбиевтің «Қолыңды соз, ағайын»,— дейді бауырлар т.б. осы сынды материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрыпты. Газеттің екінші бір тұрақты айдары — «Көп сыр бүккен көне тарихтан». Осы айдармен берілген материалдар саны да жетерлік. Мәселен, К.Назыхановтың «Жент шаһары», Қ.Салғараұлының «Бұмын қаған», Ш.Кетенің «Жетіасар — түркілердің ежелгі мекені» мақаласын, бұдан басқа «Жошы хан», «Тұран-Иран ежелден туыс елміз!», «Құпия шежіре мен түркі шежірелері жайында» сынды материалдарды соған жатқызуға болады. Жиі болмаса да ара-тұра «Қазақстанның қадірменді қонағы» (Түркия Республикасының Премьер-министрі Сүлеймен Демирелдің сапарлап келуіне орай), «Құлаққағыс жасайды», «Көршілерге көз салсақ» («Түркия мен Түркімения дәнекерлері» мақаласы), «Елдестірмек елшіден» «Депутаттар құлағына алтын сырға» т.б. осындай айдарлар да газет жүгін көтергені кәміл. 1992 жылдың ең үздік мақаласы — «Қазақстан Азия жолбарысы бола ала ма?» (Авторы — Ш.Құттаяқов).

Ал 1993 жылы газет осы үрдісті әрі жалғап, негізгі айдарлар арқылы еліміздегі ең өзекті мәселелерді көтеріп отырған. Мәселен, дәл осы жылы 15 қараша күні Қазақстанның төл валютасы — теңге айналымға енгізілген-ді. Бұл жаңалық газет назарынан тыс қалмады. Бұдан басқа ел өміріне қатысты көптеген өзекті мәселелер газет бетінен орын алды. Мысалы, С.Кәкімұлы мен Н.Ысқақтегінің «Түйткіл түйіндер, шабан шешімдер» атты ҚР Жоғарғы Кеңесі мен министрлер кабинетінің назарына жолдаған материалы, «Түркияға қазақтар қайдан келген?» (Ержан Уәйіс), «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» (Е.Уәйіс), Ислам әлемінде айдарымен «Қарт Памирде қара бұлт» (Ш.Құттаяқов), «Діни дастандар тағлымы» (Рахманқұл Бердібаев), Алаштың алтын қорынан «Ноғай», Ислам шежіресінен «Пайғамбарлар туралы хиссалар және халифалар тарихы». «Біреу білер, біреу білмес» айдарымен «Һарон халифа мен кембағал қарт», «Хорасан ата», «Алаштың алтын қорынан» «Өзбек хан», «Жәнібек хан», «Жүрекке жылы жаңалықтар» айдарымен қос елде болып жатқан ізгі жаңалықтар жайлы материалдар т.б. осы сынды толып жатқан мақалалар қос ел — Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық байланыстың нығайып, беки түсуіне, сөйтіп, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда олардың бір-біріне кірігіп, етене жақындай түсуіне зор рөл атқарды. Бұл жылдың ең үздік материалы — «Біріксең беріксің, бір-біріңе серіксің» (Әбдіқадыр Дәуітбекұлы).

1994 жылдың басты жаңалығы — осы жылы ғарыш кеңістігіне қазақтың екінші бір ұлы Талғат Мұсабаев көтерілді. Ол «Союз-ТМ-19» ғарыш кемесінің борт-инженері болды. Дәл осы жылы Қазақстан мен РФ Байқоңыр космодромын жалдау туралы алдын ала келісім жасады. “Ақ ордадан ақпарат”. “Елең еткізер оқиға” айдарымен «Мехметшілер Боснияға аттанды», “Әлем жаңалықтары”, “Келіндерге бірер сөз” айдарымен З.Ахметова «Тез өтер қызық дәурен оң жақтағы», Ойтүрткі айдарымен «Астана атын ойлассақ» (Б.Бодаубай), «Ескі сүрлеуге жол берілмейді» (Енес Жансевер), «Мәйітті жерлеу және оны атқару дәстүрлері» (Халел Арғынбаев), «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Адамдар жаратылысы», «Ұлттық сана қоңырауы», «Қазақ хандығы» (Қ.Салғараұлы), Өнер және өмір айдарымен «Жүректе жылы жыр қалып...» сұхбат, Ә.Асылбектегі), Түркі әлемінде айдарымен «Достық дәнекері», «Жәрмеңке жаңа істің бастауы» (Саттар Сапарбек), «Отанымызға иелік етейік» (Иса Юсуп Алыптегін), “Дара тұлғалар” айдарымен «Нәзір» (А.Игенбаев), “Қасиетті мұра” айдарымен «Әзірет Сұлтан» (Жүсіпбек Аймауытов), “Түркілердің бірігуі тарихы заңдылық”. «Ұзынағаш соғысы» (Әбілхан Әбіласан), «Түркі халықтарының тарихы туралы әлемдік конгресс» (М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев), «Елу жылда ел жаңа» (Қуандық Шамақайұлы), «Қалыңдық айттыру, келін түсіру, жаушы жіберу» (Халел Арғынбаев), «Бөкей ордасы және Ислам» (Күләш Сопыбекова), «Білімді болу — әрбір жастың парызы» (Әли Қапйрал), «Азат» айтты деп алашты кінәлай ма?” (М.Қайыңбаев), «Қазыналы Қаратаудағы Таңбалытас» (Маханбет Жәмекеұлы) т.б.

Жылдың үздік мақаласы — «Ислам діні және оның жетекші жауапкершілігі» (Әли Байрам).

1995 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге әзірлікті күшейту туралы Президент қаулысына қол қойылса, осы жылы аталған мерейтойға қатысты көптеген материалдар жарық көрді. Олардың қатарында «Ілесіп ұлы Абайға ілгерілеп» (Ш.Елеукенов), «Абай энциклопедиясы» (Таңатқан Рсаев), «Білімсіздер білімдіге жау болды» (Немат Келімбетов), «Абай ішіп үлгермеген у қандай?» (Серікқали Хасан), «Абайдың құрдасы «Әнияр» кім еді?» (Бейбір Сапаралы), «Мәңгілік жан» (Талаптан Ахметжан», «Абайдың әлемдік тойы» (Қайырбек Асанов), «Түркі халықтарының шыққан тегі» (Амангелді Тұңғышұлы), «Ұлттық идеологияның негізі бар» (М.Қайыңбаев), «Түркілер тарихынан» айдарымен Көктүріктер (Орхон Ұстаоғлы, А.Тұңғышұлы), «Саудаға да әділдік керек» (Ш.Қуандықов), «Зейнеткер ақшасыз, басшылар қалталы» (Ш.Қуандықов), “Ислам әлемі қан жылауда”, «Әр соғысы жүректің Алла дейді», «Қорқынышты түс» (Еркін Дәржібай), «Абай тойы — халықтық мейрам» т.б. материалдар бар. Осы жылы Манастың туғанына 1000 жыл толуына орай «Манас тойы — ортақ той» атты мақала (Ш.Елеукенов) мен «Асқа қамдану» (Ә.Тәжібаев аудармасы) жарияланды.

Осы жылдың 29 сәуірі күні Бүкілхалықтық референдум өтіп, халық қалауы Н.Назарбаевқа түсті. Бұл жайлы Әли Байрамның «Елбасыға ел сенеді» атты мақаласы жарияланды. Газетте тарихқа да көп көңіл бөлінді. Мәселен, «Күміс зереншедегі жазу» атты топтама материал (Әбілхан Әбіласан), «Тарих тағлымдары» айдарымен «Өткенге аз ғана шегініс» (Мекемтас Мырзахметов), «Түркі әлемінің тұлғалары» айдарымен «Алғашқы түркі мемлекеттері» (Амангелді Тұңғышұлы), Әлімғазы Дәулетхан аудармасында жарық көрген «Осман мемлекетінің ең ұлы билеушілерінің бірі — Абдухамит хан», «Межеллені (заң кодексі) дайындаған Ахмет Жәудәт Паша», «Астрономия ғылымының данышпан білгірі Әли Құсшы», «Үндістанда ислам-түрік мемлекетін орнатқан Бабыр шах», «Классикалық әдебиеттің ұлы ақыны Баки Барбарс», «Теңізші Хайреддин Паша», «Осман Ғазының әкесі — Ертұғрыл Ғазы», «Жиһангез Әулие Шелеби», «Фәлсафа әлемінің жарық жұлдызы Әл-Фараби», «Дәрігер — Ибн-Сина», «Сұлтан Қылышарыстан» т.б. осы сынды бірнеше материалдар соның айғағы. Осы жылы түркі халқының аяулы ұлы Мұстафа Өзтүрік қапыда қаза болды. Газетте бұл жайлы да материал жарияланды. Бұл жылы Республика Парламенті таратылды. Жаңа конституция жобасын талқылауға қатысты «Ардың шыңы — Ата заң» материалында оқырмандар пікірі жарияланды. Бұдан басқа «Аралды қалпына келтіру бағдарламасы» (Шаймерден Төлегенұлы), «Парламент мәжілісі сайлауы өтті» (Т.Баев), «Тамыры терең туыстық» айдарымен С.Демирелдің Алматыға ресми сапары (Әли Байрам), «Балқандағы жағдай шиеленісе түсуде» (Ерхан Башиурт) «Дағдарыстан шығудың жолы қандай?» (Ерхан Башиурт) т.б. осы сынды саяси-экономикалық материалдар жарық көрді. Ең үздік материал — «Арал — бүкіл дүниежүзілік проблема» (С.Ізтілеу).

1996 жылғы газетте негізінен саяси-экономикалық, тіл, тарих, әлеуметтік, әдебиет мәселелері көбірек қамтылған. Олардың қатарында сараптамалық материал «Қазіргі қазақ қандайсың?», «Бүгінгі қазақтың рухы қандай?» (Секен Дорженов), «Ұлт мәдениетінің типологиясы» (Тұрсын Ғабитов), «Рухани террорға тосқауыл қоймай, ұлт болып қалыптасу мүмкін емес» (Аманхан Әлімов), «Арал мәселесі қалай шешілуде?» атты тақырып бойынша Кәкімбек Салықовпен сұхбат (Жеңіс Қашқынов), «Бізде баспасөз бостандығы бар ма?» (Оңғар Өмірбеков), «Әліпбиді ауыстыру — заман талабы» (Мұрат Алтай), «Азаттық жолы — ауыр жол» тақырыбында Сәбетқазы Ақатаймен сұхбат (Күләш Нақыпова), «Ат басын сын аулына бұрайық» (Ұзақбай Доспанбет), «Тарихқа қиянат жүрмейді «(Талғат Ешенұлы), «Ұлт-азаттық көтерілістері туралы» (маман тарихшылар пікірталасы), «Кеден кеден болды, кедергі неден болды?» (Әлімғазы Дәулетхан), «Соғыс және бейбітшілік» (Дидар Амантай), «Қазақ Ордасы: шығуы және тегі» (С.Ақатай, Жағда Бабалық) т.б. материалдар бар.

Үздік мақала — «Языковой политике требуется благоразумие, а не шумиха» ((Мұхтар Тогусов).

1997 жылғы газетте негізінен саясат пен экономика, әлеуметтік, тарих, демография мәселелері көбірек қаузалған. Осы жылдың басты жаңалығы Қазақстанның бас қаласы Алматыдан Ақмолаға көшті. Солардың ішіндегі сүбелі материалдар: «Баспасөз кімнің қолында?» (Рая Ескендірова), «Шәміл тарихы және Чешен төңірегіндегі саясат шытырманы» (Серікбай Алпысұлы), «Влияние исламской цивилизаций на Европу» (Рене Бенон), «Мұстафаны оқығанда» (Б.Орынбекұлы), «Бүгінгі сот жүйесі қандай?» (Шаймерден Төлегенұлы), «Кредитные опеки с пшиковым результатом» (Мадат Аққозин), «Қазақ және «қазақтандыру» (Есенғазы Қуандықов), «ҚапШанхайдағы қайқы шатырлар» (Ж.Борантаев), «Парламент не бітіріп отыр?» (Рая Ескендірова), М.Жолдасбековпен сұхбат «Қазақстан-ЗАМАН» — мың жылдық сағыныштан туған газет» (Толымбек Әбдірайымұлы), «Бес мыңнан бес жүз мың» (бизнес туралы сараптама, Ж.Жанділдин), «Орыстандық деп даурықпау, «қытай қаптайды» деп қорықпау керек» (экономикалық реформа туралы, Ж.Жанділдин), «Болашақ американдықтардікі ме, әлде түркі халықтарынікі ме?» (Мехмет Гундем), «Өткеннен жеткен тарихи сабақ...» (тәуелсіздік ұстанымдарына ұсыныс, Адам Мекебаев), «Рух» айдарымен «Осы біз қандаймыз?» (Бейбіт Қойшыбаев), «Өркениет — ортақ мұрат» (Әлмұхан Исақ), «Қазақтың Отан соғысы тарихы» (Молдияр Серікбаев), Асқар Сүлейменовпен сұхбат «Шындық — көп, ақиқат — жалқы» (Әлия Бөпежанова), Д.Қонаев жайлы «Анықтауышқа бағынбайтын тұлға» (Күлпара Жұмағали) т.б. айдарлармен бірқатар материалдар жарық көрді. Бұдан басқа ҚР Баспасөз агенттігі мен еларалық «Заман-Қазақстан» газетінің бәйгесіне деген айдармен Мұхтар Әуезовке байланысты бірнеше материалдар топтамасы, «Әуезов және әлем» (Бекен Ыбрайымов), «Қазақ зиялылары туралы» т.б. жарияланса, осы жылдың басты жарияланымы мәртебесіне «Қазақстан-2030» айдарымен берілген мақалаларды жатқызуға болады. Үздік материал — «Көші-қон Қазақстанға құт па, жұт па?» (Бабақұмар Қинаятұлы, Қайрат Бодауханұлы).

1998 жылы елдің бас қаласы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. ҚР Астанасының тұсаукесер құрметіне «Астана» естелік медалі тағайындалды. 10 маусым күні Астананың Халықаралық тұсаукесері өткізілді. Бұл оқиғалардың бәрі газет бетінен орын алды. Бұл жылы да газет өзінің халықаралық мәртебесіне сай, саясат пен экономика, әлеуметтік, халықаралық қатынас, ынтымақтастық тақырыптарына баса назар аударды. Мәселен, «Сенім дағдарысы және тәуелсіздік тағдыры» (Айтан Нүсіпхан), «Ғасырды шығарып саларда» (Камал Смайылов), «ХХ ғасыр жеті жылдан тұрмайды» (С.Ақатай), Каир университетінің профессоры Хасан Нефаемен сұхбат «Таяу Шығысқа тыным бола ма?» (Ерхан Башиурт), «Қазақстан жаңа ғасырға Астанамен барады» (Жұмабай Шаштайұлы), «Бай, кедей һәм орташа» (Сәтжан Төлеумағанбет), Қазақ поэзиясында не жаңалық?» (Сәтжан Төлеумағанбет), «Біз неге ауыра береміз?» (Ш.Төлегенұлы) т.б. бірқатар материалдар жарық көрді. Бұл жылы көптеген мақалалар «XXI ғасыр: табалдырықтан биік тау жоқ» айдарымен берілген екен. Үздік мақала — «Қытаймен қатынас ұлттық тәуелсіздігімізге қатер төндірмеуі шарт» (Әкім Ысқақ).

1999 жыл. Бұл жылғы газеттегі басты жаңалық, осы жылдан бастап басылым бетінде телеарналар бағдарламасы беріле бастады. Бұл жылғы шыққан сүйекті материалдар төмендегідей. «Түркі дүниесінің 1998 жылғы сыйлығы Назарбаевқа тапсырылды», «Назарбаевпен 2006 жылға дейін» (Енес Жансевер), «НАТО ма, әлде басқа ма?» (Жан Шаймұратұлы), «Табуляция. Старые правила политической игры в новом Казахстане» (Әзімбай Ғали), «Қазақстанның Түркиядағы елшісі Қайрат Сарыбаймен сұхбат «Басты мақсат — елге экономикалық пайда тигізу» (Е.Жансевер, Баян Болатхан), «Демократия — білімді елге тән» (Игілік Жанұлы), «Ұлт мүддесі неге аяқасты қала бермек?» (С.Ақатай), «Қазаққа бір «Аттан» қажет пе?», «Жердің сатылуы елдің қоса сатылуы емес пе?» (Оңғар Сапарбекұлы), «Жерді саттық деген — елді сату» (Парламентке Ашық хат), «З.ғ.д. Сәкен Өзбекұлымен сұхбат «Берекесіздігіміз — заңның әлсіздігінен, ал ол — мәдениетсіздік» (И.Жанұлы), «Сайлау: кімге, не үшін дауыс бересіз?» (Сараптамалық мақала, О.Сапарбекұлы), Жарасқан Әбдірашпен сұхбат «Ауыл мәселесі күрделі күйінде қала бере ме?» (Ш.Төлегенұлы), Сағат Түгелбаевпен сұхбат «Демократиясыз экономика — тұл» (Ш.Сейхуни), «Диктаторлардың «кішкенелері» де бола ма?» (Секен Дорженов), Исахан Әлімжановпен сұхбат «Экономика — ақша емес, экономика — адамдар» (И.Жанұлы), «Түрік дастандарының түп бастаулары» (Ахмет Аляз), т.б. Көріп отырғандарыңыздай, бұл жылғы газетте материалды сұхбат түрінде беруге ерекше ден қойылғандығы байқалады. Үздік мақала — «Почему не хочется учиться казахской школе?» (Мұхтар Әбділдәбек). 2000 жыл.

2001 жылғы газетте де сұхбаттасуға кең орын берілген. Мәселен, «Ағайын арасы» деген айдармен берілген «Енді он жылдан кейін Қазақстан бай өлкеге айналады» атты мақаланы Ахмет Аляз Али Токулдан сұхбат алу арқылы беріпті. Тағы да осы автордың «Түркияның 10-шы президенті — Ахмет Неждет Сезер» мақаласы саяси бейнепортрет стилінде жазылған. Ал И.Жанұлының «Рухани сорбұлақтар көбейді» мақаласы белгілі қаламгер Герольд Бельгермен сұхбат ретінде берілген. Басылым халықаралық газет болғандықтан, саяси бағытынан жаңылмаған. Ондағы «АҚШ-Қытай жанжалында қайсысын жақтау керек?» (Марат Әнденов), «Оңтүстік шекара тыныштығы алаңдатса...», «Көршіңмен қалайсың?» «Әскердегі «ақсақалдық», «жерлестік» және «ұлтшылдық» (Бейбіт Төлегенұлы), «Таразының екі басы тең бе?» (Ғ.Ақсейіт), «Қазақ пен казак арасы» (Нәзира Сәрсекова), «Көгілдір отын Қазақстан үшін қат па?» (Ғ.Ақсейіт), «Ауылдың ақ пен қарасы» (Б.Мүрсәлім), Дүкен Мәсімхан: «Біз, қазақтар, ал, қытайлар...» (салыстырмалы сараптама, әзірлеген Ғ.Ақсейіт), «Адамзатты алаңдатып отырған Ауғанстан» (Х.Гүлерже), «Күнгей Әзірбайжан қасіреті» (Наурыз Қожахметұлы), «Ауғанстанға көзқарас: кеше және бүгін» (М.Әбдікәрімов), «Каспий мәртебесі қалай анықталады?» (Әділбек Ыбырайымұлы), «Экономикалық дербестік болмай...» (Г.Бекжанова), «АҚШ-тағы террористік актілердің психологиялық себептері» (Мұхит Асанбаев), «Батыс пен Шығыс тайталасынан сақтасын» (М.Әнденов), «Өзбекстан-Қазақстан: шекаралық бітім» (Сұлтан Хан Аққұлұлы), Әскер Бақаевпен сұхбат «Соғыс өнерінде қазақтың рухы басым» (Ғ.Ақсейіт), «Астананың әлеуметтік-демографиялық бейнесі» (С.Аққұлұлы). Бұл жылы газетте Әзімбай Ғали әр жылдары Қазақстанды басқарған саяси және қоғам қайраткерлері туралы мақалалар жариялап, сонау 1920 жылы елді басқарған Сейітқали Меңдешевтен бастап 1986-1989 жылдары елді басқарған Г.В.Колбинге дейінгі республика басшылары туралы материалдар беріп тұрған. Үздік материал — «Қазақтың жері қанша тұрады?» (Дархан Халықұлы).

2002 жылғы материалдар ішінде көңіл аудартар өзектілері: «Қазақта киелі қарашаңырақ бар ма?» атты дөңгелек үстел, «Президент неге үнсіз отыр?» (С.Аққұлұлы), «Іштен шыққан жау жаман» (Берік Садық), «Ресей АҚШ-тың Ауғанстанда қалуына неге қарсы?» (Г.Қойшығұлова), «Елдің күткені — Елбасы байламы» (С.Аққұлұлы), «Қазақ жұрты және демократия» (М.Тоқашбаев), «АҚШ-Орталық Азия: әскери қауіпсіздік саясаты» (Нұрбол Станов), «Халықаралық қылмыстық сот: Қазақстан мүшелікке әзір ме?» (Р.Кертаев), «Ресей-Гүржістан: қақтығыс қантөгіске соқтырмай ма?» (Р.Кертаев), «Ирактың жазығы — тәуелсіздігі ме?» (Р.Кертаев), «Ата заң — мемлекеттік негізі» (Р.Думанұлы), «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан білімі» (ҚР Білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева), «Ұлт рухы тілімен қуатты» (А.Тұяқбайұлы), Қызылорда облысының әкімі Серікбай Нұрғисаевпен сұхбат «Қырық жылдан кейін кіші Аралға араша табылды» (Балтабек Түйетай), «АҚШ-Ирак: дипломатиялық соғыс» (Р.Кертаев), «Ататүрік және Тәуелсіз Түркия» (Ахмет Аляз), Сұлтан Сартаевпен сұхбат «Тәуелсіздік тарихы осылай басталған» (Төреғали Тәшенов), «Катеv — Қазақстан келешегінің инвесторы» (Ахмет Аляз, Ұлан Еркінбеков). Ең бастысы осы жылғы басылым бетінде қазақтың біртуар ұлы Дінмұхаммед Қонаев атамыз туралы көлемді-көлемді материалдар мен естеліктер, толғаныс-эсселер көптеп жарияланған. Үздік мақала — Дулат Исабековпен сұхбат «Бізді құтқаратын ұлттық рух» (Бағдагүл Мұзартбекқызы).

2003 жылы газетте саясат бойынша «Көпвекторлы саясаттың салтанаты», «Шанхай процесінің жаңа кезеңі» (Талғат Жұмағұлов), «Ауыл — қазақтың бесігі», «Азияның болашағы — терең ынтымақтастықта», «Қытайдың Ху Цзиньтаосы кім?», «Қытайдың инвестициялық саясаты» «Нарық жетегіндегі нұралықтар», «Су тапшылығы», «Көші-қон» полициясындағылар сауатты ма? (Әлімжан Әшімұлы), «Қазақ қоғамындағы ендігі идеал — отбасы» (Бағдагүл Мұзартбекқызы), «Рубль аймағы Қазақстанға керек пе?» (Ж.Жанділдин), «Түркия Еуропа Одағына кіре ала ма?» (сараптама), «Әңгіртаяқ» (А.Шарон туралы), Ясир Арафат (Аян), «Жаһандағы қауіпсіздік кілті — Азияда!» (Ұлан Еркінбеков), «Жаһандық проблемаға жаңа көзқарас» (С.Досанов), «Ақталынбайтын агрессия», «Ирак тағдыры не болады?» (Марат Тоқашбаев) т.б. Ең үздік мақала — «Өзгелерді аласартпай, ұлтымызды көтерейік» (Ахмет Аляз).

 
Тарих  Diğer Başlıklar
Тарих әлеміне сапар шеккен «Қазақстан аңыздары» автоэкспедициясы не берді?
Меңлі — Бұқарбай батырдың бас емшісі
Ұлы Абай мекені — қазақ руханиятының кіндігі
Дауылда туған Сармолдаев
Сисем атадан көне жәдігерлер табылды
Ақыртас жайлы ақиқат
Арқаның тауы да, тасы да тарих
Шекараның арғы жағында жатқан бабалар аманаты
Райымбек – Албанның ғана емес, ұлт батыры!
Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын
Оғыз қаған және Түркі өркениетінің
«Қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасындағы соғыс»
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар
  1. louboutin homme
  2. jordan retro
  3. portefeuille louis vuitton
  4. jordan blanche
  5. chaussures louboutin