Eylül 24, 2014
 
 
 
 
 
 

Шаш түскенде не істeу керек?

18 Şubat 2010, Perşembe / ГҮЛФИЯ ЕЛЕМЕСОВА,
Add to Google
Шашты жұмыртқамен қалай жууға болады? Ол үшін алдымен шашты жылы сумен жуып алып, жұмыртқаны массаж жасай отырып бас терісіне жағып, 5 минут ұстаймыз. 1 шай қасық раушан жапырағы, 1 шай қасық жалбызды (мятаны) 300 мл қайнаған сумен араластырып, 5 минут қойып қоямыз да шашты шаямыз, оның өздігінен бөлме температурасында кепкені жөн. 
 
* Шаш түскенде қалақаймен (крапива) емдеу ұсынылады, ол шашқа қуат береді. Жас қалақайды гүлдегенге дейін кесіп алып, одан тұнба даярлап, суытып, шашты жуғаннан кейін шайыңыз. * Пияз сөлінің төрттен бір бөлігі мен ошаған тамыры тұнбасының алты бөлігін араластырып, алынған сұйықтықпен шашты жуу ұсынылады, ол шаштың түсуін тоқтатуға көмектеседі. * Емен мен пияз қабығын бірдей мөлшерде алып, бір литр қайнаған су құйып, бір сағаттай жай қыздырылған отта қайнату керек. Одан соң, бөлме температурасында суытып, шашқа жағып, басты жылы етіп орамалмен ораңыз. 1-2 сағаттан соң орамалды алып тастап, кептіріңіз. Пияз қабығы бояғыш қасиетке ие болғандықтан, емдеу кезінде шашыңыздың боялып кетпеуін қадағалаңыз. *100 г кептірілген, ұсақталып туралған қалақайдың жапырағына жарты литр су мен жарты литр сірке суын құйып, жарты сағаттай жай қыздырылған отта қайнату керек. Содан соң суытып, сүзіп алып, тұнбамен сусабын қолданбай, күнделікті шашты шаю керек. Бұдан өзге күніне төрт рет тамақтанардан жарты сағат бұрын жарты стакан қалақай тамырының тұнбасын ішкен жөн (бір ас қасық қалақай тамыры мен жапырағына 400 мл су құйып, жай қыздырылған отта 10 минут қайнату керек). *1 литр қайнаған суға 2 ас қасық ақ тал (ива) тамыры мен 2 ас қасық түйежапырақ тамырын 8-10 минуттай қайнатыңыз да, суытып, тұнбамен екі күнде бір рет шашты жуыңыз. 
 
Отбасы  Diğer Başlıklar
Жүрегіңді сақта!
Шамын жат елдің жақтың аяулым
Атам шен-шекпеннің бәрін ана тілі үшін құрбан етті
Қасиеті:еті, сорпасы сіңімді, қан толтырып, семіртеді. Денеге жылулық береді.
Ұйқыдағы өмір немесе клиникалық өлім сәті
Жуғыш заттар қатерлі ісік ауруына себепкер
Қазақы қаны жоқ әндермен «татымсыз тамақ» берген телeарналар
Қасбояу тамыры
Тосап қoсылған печeнье
«Ит дәуірі» біздің қазаққа да келді, ойбай!
Атасының үйін саудалаған немере
Ангинамен ауырғанда
Түріктен бауыр тапқаныма шүкіршілік етемін
«ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР» САТЫЛАТЫН ОРТАЛЫҚ
Ішкі саясат ішіндегі «ілік» саясат немесе БАҚ-ты белден басқан басқарма
Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...
Жалақыға зар болып, опық жегендер
«Құдыққа құлаған» құландық тәртіп сақшылары
Бюджеттің жыртығын арақпен жамау — масқаралық!
Рухы мықты елдің еңсесі биік
Сақ болыңыздар: телефонда «Алаяқ»
Кедендік одақ алкоголь саясатын өршітіп отыр
Қоғамдық көлік қызметінде ана тіліміз ақсап тұр
НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙТІН ХАЛЫҚ ЕДІК
Қамшыбасар